Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан видеоүндеу жариялады

Сағыныш Сардарова 02 мам. 2026 15:00

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан видеоүндеу жариялады. Ол өзін Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видео блогердің Instagram парақшасында жарияланған. Қайсар Қамза жуырда Қазақстанға барып келгенін, кейін Вьетнамның Нячанг қаласына оралғанын айтқан. Оның сөзінше, иммиграциялық қызмет төлқұжатын алып қойған.

"Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Осыны айтқым келді. Жақсы күндерде қайта кездескенше", – деді ол.

Еске салайық, сәуірде миллионнан аса оқырманы бар блогер Вьетнамның Камрань қаласында ұсталған еді. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ол Интерпол желісі арқылы қолға түскен.

Тергеу дерегіне сәйкес блогер әлеуметтік желілерде онлайн казиноны тұрақты түрде жарнамалап, аудиторияны құмар ойындарға тартқан деген күдікке ілінген. Ведомство мәліметінше, осы әрекеттер арқылы 100 миллион теңгеден аса заңсыз табыс түсуі мүмкін. Қаражат криптовалюта әмияндарына аударылып отырғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove