Қазақтың Димашы

Dalanews 18 сәу. 2022 05:18 934

Шын дегдар жан алыстан карасаң – асқақ, жақыннан қарасаң – кішіпейіл, сыртына үңілсең – паң, ішіне үңілсең – тұңғиық болмақшы. Шын дегдарлык тектен келеді. Жанның бекзадасы, әулетіне Қыдыр қонған сырбаздарға ғана каратыла айтылады бұл арнау. Дінмұхамед Қонаев сондай мадақ лайықта жан.

Димекең байлық жинамады, оның байлығы – халықтың пейілі еді. Сол пейілінің арқасында қазақтың даласы дән мен малға толды.

Ол атақ қумады, оның есімі мен кесімінің өзі атақ еді. Қонаев ел басқарған жылдар қандай қарама қайшылыққа толы, қиын кезең болса да, ессіз саясаттың ебін тауып, халыққа қызмет ете білді. Аш халықты тоқ еткен, жалаңашты тонды еткен ерен тулға жайлы керуен ғасырлар әлі сыр шерте беретіні анық! .

Тарих пен тұлға. Замана өтпелі, қоғам құбылмалы болса да, өткен тарихты өзгерту, тарихқа айрықша сипат беріп, өз мәнерін сіңірген тұлғаларды ұмыт қалдыру мүмкін емес. Ондай тұлғалар уақыт озған сайын зорая түспек. ондай ас қаралы алыптардың есімі жылдар мен бірге жаңғыра түсетіндей... Сондай тұлғалардың бірі – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев.

Кеңестік жүйенің қазақ үшін қандай алапаттарға толы болғанын білеміз. Иә, қазақ ХХ ғасырға атпен кіріп, ғасыр түгесілер шақта ғарышқа самғап шықты. Жетістік! Бірақ сол жетістіктің бодауына осы күндері қанша айтсақ та орны толмас ең қымбатты, ғазиз дүниесін – қисапсыз қандасын берді.

Сол «жетістік» үшін Алаш арыстарының басы сертке ұсталды. Сол үдемелі даму үшін діннен мақұрым, тілден ада бола жаздадық. Ашаршылық, соғыс, қуғын-сүргiн... деген сөздер бүгіндері тарихи термин сияқты көрінгенімен, шын мәнінде ұлт үшін зұлматты жылдардың тізбегі еді.

Өткен ғасырдың екінші жартысында барып, қазақ халқының еңсе көтеріп, Қазақстан деген алып территорияның тамырына қан жүгірді. Соның көш басында тұрған, өзінің ұзақ жылдық еңбегі арқылы тұтас елiмiздiң гүлденіп-дамуына тың серпін берген Қонаев дәуірін тарихымыздың айтулы кезені деу ләзім.

Ол етігімен су кешіп, ел басқарған жылдар туралы бұл күндерi жиi айтылады. Сағынышпен, құрметпен еске алатындар көп. Маңына мейiрiн төгіп, шуағын шашқан кемеңгер жайлы ой-түйiндердiн бiр пара сын парақтап шыққан едік, онын азаматтық болмысы, адамгершілік бітімі, өзгеше мінезі жайлы әртүрлі сыпатта, әр кездері жазылғандардың ішінен іріктеп алып ұсынып отырмыз.

Қазақтың Димашы туралы сөз қозғар тұста, оның әсіресе ел мәдениетіне, руханиятына барынша қамқор болғаны айтылады. Егер жасырмай шынымызды айтар болсақ, мәдениеттің қайбір саласында болсын – әдебиет, музыка, би, ән, театр, кино ол ел басқарған жылдары айрықша дүмпу болған, қазақ мәдениеті әлі күнге шейін соны талғажу етіп келе жатқанын несін жасыралық. Оның шапағаты мен шарапатын көрмеген ақын-жазушы, әнші биші жоқтың қасы, солардың бірі, «Атамекен» деп күллі қазақты орнынан тік тұрғызған композитор, әнші, қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ескендір Хасанғалиев былай сыр шертеді.


– Ол кісі жайлы айтылар аңыз көп, аңыз дегеніміз болмаса, көбі шындықпен өрілген. Қазір байқасақ, жыл өткен сайын ол кісінің тұлғалық қасиетін сағына бастағандаймыз... 1984 жылы Ташкент қаласының екі мың жылдық мерейтойы мерекеленген кезде Алматы қаласының басшылығы құттықтау хаты, сый-сыяпатымен коса менің «Ташкент лирикасы» деген әнімді алып барыпты. Бұл ән ташкенттіктерге қатты ұнаса керек, Димекеңе хабарласып: «Сол әннің авторының қандай атағы бар? Өз елінде болмаса, жомарт өзбек халқы атақ берейік деп едік» десе, Димекең: «Өзіміз береміз, алаңдамаңыздар!» деп жауап берген екен. Сол жылы көп өтпестен «Халық әртісі» деген атақты маған өз қолымен тапсырды. Мен ол кезде ташкенттіктердің әңгімесін естімеген едім. Кейін Димекеңмен жақын араласқан кезде өз аузынан естідім. Сол кездері бұл кісінің әр нәрсені қалт жібермей, барлық салаға жiтi назар аударып, кім бар, кім жоқ деген сұраққа үнемі жауап іздеп жүретінін байқадым.

Кейін ол кісі мансабынан түсіп, жамағайыны мен жақын достары сырт берген тұста, біз отбасымызбен жақын араластық. Бiр рет жеке концертіме құрметті қонақ ретінде шақырдым. Бұл сыйластык соңғы өмiрiне шейін жалғасты. Отбасымызбен үйіне барып жүрдік, ол кісі де біздің үйде қонақта болды. Үйіне шақырар алдында: «Келін мен Біржанды ертіп кел, емен-жарқын әңгімелесейік» дейтін. Әңгіме ауаны негiзiнен өткен әншілер, сал-серілердің өмірбаяны, тарихымыздың бұлтарыс қалтарысы туралы болушы еді. Көп ізденетіні, көп оқитыны байқалып тұратын».

Талай тарландарды өмірге әкеліп, өнегелі жолына куә болған дархан дала мінезді кең жауырынды, жазық маңдайлы, терең де тұңғиық жанарлы тұлғаның өмір өткелек терін шын түсінгіңіз келсе, қиындыққа толы балалық шақтан тартып, даналыққа, ақсақалдық мейірімге ұласқан шағына шейін көз алдыңыздан өткізіп көріңіз. Ол сатқындықты, екіжүзділікті, жағымпаздықты, жалбағайлықты екібастан көрген және өтпелі уақыттың толқынында ондай іш мезер пиғылдарға мән де бермеген. Сондықтан да ол уақыт керуені өткен сайын адалдық пен ардақтылықтың, шынайы болмыстың иесi ретiнде әспеттеліп келеді.

Қазақтың Димашы хақында айтылар ізгі ойлар мен жылы лебіздердің сансыз екені анық, ал ол жай өмірде, отбасында, бауыр туыс арасында қандай еді, кісілік келбетінің арғы өзегі қайдан бас талады, құдай қосқан қосағы Зухраның айырылмас жарға деген махаббаты жайлы не білеміз деген сұрақтар кімді болсын қызықтыратыны айқын. Сол негізде бір құрсақтан жаралып, ағалық қам қорлықтың қарапайым үлгісін қапысыз еске түсірген қарындасы Сара Қонаева өз естелігін былай өрбіткен екен

– Зухра жеңгеміз мiнезi көркем, ақылға да, парасатқа да бай, әзиз жан еді ғой. Ағам екеуінің махаббаты ертегідегідей еді. Димаш ағамды әр күні жұмысқа кетерiнде көзімен ұзатып сап, күн ұзақ қашан келеді деп тағаты таусыла күтеді екен. Бұл ғадетін өмір бойы бұзбапты. Ағамыздың шаруабасты боп, оқи алмаған кітаптарын күндіз оқып, кешке жақын мазмұнын тамылжытып жарына айтып береді екен. Жеңешеміз өте ісмер, қолынан келмейтіні жоқ еді. Әсіресе, қаймақтап шай құйғаны, дәмдеп ас әзірлегені, ет асқаны – бір хикая. Мен қазақтың Димашының жарымын деген пиғыл атымен жоқ. Ауылдан үлкендер келсе, иіліп сәлем етіп, оларды жылы қарсы алып, ауылдағыларға сәлем-сауқатын беріп жіберетін. Жеңешеміздің тағы бір қасиеті, өте діндар кісі еді. Димекең арқылы Арабияға, Мысырға барған адамдардан Құран алдыратын болған. Он бес-жиырма Құран кітабы үйінде сақтаулы тұрушы еді Арабша оқыған. Өте қымбатқа алғызған тұмары мен таспиығы да болған. Жалпы, біздің әулет дінге жақын, атамыз Жұмабай Меккеге барған кісі. Өмірінің сонында ағамызда намаз оқыған деген сөз бар. Өйткенi жас кезіндегі тәрбие, отбасындағы ұлағат соған жетелеген болса керек. Ол кісінің намаз оқығанын бiз бiлген жоқпыз. Бірақ Құранды нақыштап, әуездеп оқитынын, құран оқып отырып жанылып қалғандар болса түзетіп отыратынын білемін.

Димекең отбасында өте әзілқой, карапайым кiсi едi. Мереке-мейрамдарда әулетімізбен сол үйге жиналатынбыз Ағамыздың тағлымды әңгімелерiн тындап күлдіргілерін естіп, мәз болысатынбыз. Өнерге өте жақын едi, Шашубай мен Сүйінбайдың, сал-серілердің әндерін қатты ұнататын.


Әкеміз өз өмірінде екі рет қатты қуандым деген ғой. Біріншісі, Димаш ағамыз өз күшімен талпынып диплом алғанда, кейін жұмысқа тұрып, үйленемiн дегенде... ағамыз әкемiздi өнеге тұтты, ол кісінің кішпейілдігін, елшіл, көпшiлдiгiн үнемi мы сал етіп айтып отыратын...».

Адамдық болмыс дегеніміздің өзі – ұлттық жаратылымнан, ананын ақ сүтімен, әкенiн iзгi өнегесімен, жардың жарқын мiнезiмен, бауырдың адалдығымен қалыптасатын қасиет болса керек. Қарындасынын үзік сырынан талай жағдайды аңғаруға болатындай.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар