Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20 трлн теңгеге жуықтады

Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20 трлн теңгеге жуықтады
gov.kz

Қазақстанда халықтың банктерге қарызы 20 трлн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 12 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 9 еншілес банктер.

2024 жылғы 1 қарашадағы  жағдай бойынша банк секторының активтері көбінесе банктердің несие портфелінің 33,8 трлн теңгеге дейін  1,2%-ға және өтімділігі жоғары активтерінің 17,7 трлн теңгеге  0,3%-ға (жиынтық активтердің  30,3%-ы) өсуі есебінен ағымдағы жылғы қазанда  0,6%-ға немесе 345 млрд теңгеге ұлғайып, 58,5 трлн теңге болды (2024 жылдың басынан 13,6%-ға немесе 7,0 трлн теңгеге өсу).

Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері 2024 жылғы қазанда 1,3%-ға 31,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан 14,3%-ға өсу). 2024 жылғы қазан айының қорытындысы  бойынша экономикаға берілген кредиттердің жалпы құрылымында ұлттық валютада берілген кредиттер 1,2%-ға 29,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды, валютамен берілген кредиттер 1,6%-ға 2,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы қазанда негізінен 2,6%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін инвестицияларға және 0,9%-ға 0,6 трлн теңгеге дейін  негізгі қорлар сатып алуға берілген қарыздардың өсуі есебінен 0,3%-ға 12,1 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан 7,7%-ға немесе 870 млрд теңгеге өсу.

Бизнес субъектілері санатының бөлінісінде ірі бизнеске кредиттер 2024 жылғы қазанда телекоммуникация және құрлық көлігі саласындағы ірі қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеулерінің жалғасуына байланысты 0,4%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан
2,7%-ға өсті) төмендеді.  ШОБ-қа  қарыздар бір айда негізінен автомобиль шығару секторында шағын кәсіпорындарға айналым қаражатын толтыруға кредиттер беру есебінен 5,9 трлнтеңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан 3,0%-ға өсу).  Дара кәсіпкерлерге берілген кредиттер 2024 жылғы қазанда 2,1 трлн теңгеге дейін 2,6%-ға өсті (2024 жылдың басынан 37,7%-ға өсу).

Салалар бойынша 2024 жылғы қазанда бизнеске берілген кредиттердің 4,0 трлн теңгеге дейін 1,1%-ға өсуі – өнеркәсіп (2024 жылдың басынан 18,7%-ға өсу), 3,2 трлн теңгеге дейін 0,7%-ға – сауда (2024 жылдың басынан 9,0%-ға өсу) салаларында және 1,3%-ға  3,0 трлн теңгеге дейін қызметтердің басқа да салаларында (2024 жылдың басынан 1,9%-ға өсу) байқалады. Бұл ретте жекелеген қарыз алушылардың мерзімінен бұрын өтеуді жалғастырулары аясында 2,9%-ға 0,8 трлн теңгеге дейін көлік (2024 жылдың басынан 5,7%-ға төмендеу), 7,9%-ға 0,1 трлн теңгеге дейін – ақпарат және байланыс (2024 жылдың басынан 41,7%-ға төмендеу), 0,8%-ға 0,6 трлн теңгеге дейін  – құрылыс (2024 жылдың басынан 6,5%-ға өсу) және  5,0%-ға 0,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан 4,6%-ға өсу) – ауыл шаруашылығы  салаларындағы бизнес субъектілеріне кредиттер портфелінің төмендеуі байқалады.

2024 жылғы қазанда бизнес субъектілеріне 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 7,7%-ға артық. Бұл ретте 2024 жылғың 10 айда бұл көрсеткіш 14,2 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға артық.

2024 жылғы қазанның қорытындысы бойынша бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі негізінен ШОБ кредиттері бойынша сыйақыны 18,2% – дан 18,3% – ға дейін ұлғайту есебінен 20,1% - ға дейін (2024 жылғы қыркүйекте-20,0%) шамалы өсті.

Бұл ретте ірі бизнеске берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 16,9%-дан 16,8%-ға дейін, дара кәсіпкерлерге – 31,8%-дан 31,5%-ға дейін төмендеді.

Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы қазанда 1,8%-ға ұлғайып, 19,8 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан 18,7%-ға өсу). Банктердің бөлшек портфелінің құрылымында тұтынушылық қарыздар 2,0%-ға 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 5,9 трлн теңгеге дейін 1,4%-ға өсті. Бұл ретте 2024  жылдың 10 айында жаңа ипотекалық қарыздар беру шамамен 1,6 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ғаартық.

Жаңа ипотекалық кредиттерді беру құрылымында нарықтық кредит берудің оң серпіні жалғасуда – жыл басынан бастап нарықтық шарттарда 555,4 млрд теңгеге ипотекалық кредиттер берілді, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,3%-ға артық. Нәтижесінде олардың үлесі 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-дан 35,4%-ға дейін өсті.

2024 жылғы қазанда халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі негізінен тұтынушылық қарыздар бойынша мөлшерлемелерді 20,6%-дан 19,7%-ға дейін төмендету есебінен 18,8%-ға дейін (2024 жылғы қыркүйекте – 20,1%) төмендеді.

Банктердің несие портфелінің сапасы жоғары деңгейде қалып отыр. Мәселен, 01.11.2024ж. кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі 3,3%-ды немесе 1,1 трлн теңгені (01.01.2024ж. – 2,9% немесе 864 млрд теңге) құрап, бір ай бұрынғы 3,2%-дан ұлғайды. 01.11.2024ж. халықтың кредиттері бойынша NPL90+қарыздардың үлесі 3,9%-ды немесе 777 млрд теңгені құрады (01.10.2024ж. – 3,9% немесе 759 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 3,4% немесе 575 млрд теңге), ал бизнеске берілген кредиттер бойынша – 2,4% немесе 320 млрд теңге (01.10.2024ж. – 2,3% немесе 315 млрд теңге, 01.01.2024ж. – 2,3% немесе 289 млрд теңге).

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 68,9%-ды құрап, тұрақты болып сақталуда (01.01.2024 ж. – 75,9%).

Банк секторының міндеттемелері 2024 жылғы қазанда негізінен заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдарының өсуі есебінен 0,3%-ға 50,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 12,2%-ға немесе 5,4 трлн теңгеге өсу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 78,6%-ын  немесе 39,3 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары бар.

2024 жылғы қазанда депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиттері негізінен теңгемен депозиттердің 3,1%-ға немесе 901 млрд теңгеге 29,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы аясында 3,1%-ға 37,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Валюталық депозиттер 2,9%-ға немесе 229 млрд теңгеге 8,1 млрд теңгеге дейін, оның ішінде ұлттық валютаның әлсіреуі аясында АҚШ долларына 1,5%-ға қайта бағалау есебінен ұлғайды. Депозиттерді долларландыру деңгейі 01.11.2024ж. 21,3%-ды құрап, төмендеуді жалғастыруда (2023 жылғы қазанда – 24,5%).

Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы қазанда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 4,6%-ға 12,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде 4,7%-ға 16,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,8%-ға 20,9 трлн теңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша сыйақының орташа өлшенген мөлшерлемесі 2024 жылғы қазанда 13,1% – ға дейін 2024 жылғы қыркүйектегі 13,2% - дан, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша-бір ай бұрын 13,4% - дан 13,3% - ға дейін төмендеді.

Банктердің меншікті капиталы 2024 жылғы қазанда 2,4%-ға 8,4 трлн теңгеге дейін негізінен қарыздар мен бағалы қағаздар бойынша пайыздық кірістердің, сондай-ақ дилингтік операциялар бойынша кірістердің ұлғаюы есебінен бөлінбеген таза пайданың ұлғаюы нәтижесінде ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 23,1%-ға немесе 1,6 трлн теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,4% (01.01.2024 ж. – 19,2%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 22,3%(01.01.2024 ж. - 21,5%) құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2024 жылғы қаңтар-қазанда банктердің таза пайдасы 2,1 трлн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға артық. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 4,6%-ды (01.10.2023ж. – 4,6%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 33,3%-ды (01.11.2023ж. – 36,2%) құрады.