Алматыда 2026 жылы мыңнан астам жер телімі мемлекет қажетіне алынады

Қаракөз Амантай 03 ақп. 2026 16:20

2026 жылы Алматыда 1000-нан астам жер телімін мемлекет қажетіне алу көзделіп отыр. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жер телімдері қаланың инфрақұрылымын дамыту мақсатында алынады. Атап айтқанда, бұл аумақтарда жаңа автожолдар мен жолайрықтар, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, сондай-ақ энергетикалық нысандар салу жоспарланған.

Әкімдік мәліметінше, мемлекет қажетіне алынатын жерлер мен ондағы тұрғын үйлердің немесе өзге де мүліктің құны тәуелсіз бағалаушылар тарапынан нарықтық баға бойынша анықталады.

Мемлекетке алынатын аумақтар қатарына Сүлейменов, Райымбек, Менделеев, Халиулин көшелері бойындағы және өзге де бірқатар учаскелер енгізілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove