Жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін елде қоғамдық талқылау айтарлықтай күшейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директоры Жандос Шаймарданов мәлімдеді.
Оның айтуынша, азаматтардан келіп түсіп жатқан ұсыныстар мен өтініштер «е-Өтініш» платформасында әлі де қабылданып жатыр. Қазіргі таңда олардың жалпы саны 4 мыңнан асып кеткен.
Сонымен қатар, бастамалар тек қарапайым тұрғындардан ғана емес, сарапшылар мен адвокаттар қауымдастығынан да жолданып жатқанын атап өтті.
Еске салайық, бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтіп жатыр.
