Исламабад Президенттің сапарына дайындалып жатыр

Исламабад Президенттің сапарына дайындалып жатыр
Ақорда

Исламабад Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Еске салайық, Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар, Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.