Кәрім Мәсімовке тиесілі қымбат пәтерлер аукционға қойылды

Көркем Алдабергенова 03 ақп. 2026 15:24

18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовке қатысты тәркіленген мүліктер сатылымға шығарыла бастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» электрондық сауда жариялап, бұл жолы тек жеке заттарды емес, Астанадағы элиталық жылжымайтын мүліктерді де аукционға қойды.

18–20 ақпан аралығында sauda.e-qazyna.kz платформасында бірнеше нысан бойынша электрондық сауда өтеді. Сатылымға «Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары шығарылған. Олардың ішінде бастапқы бағасы 363,2 млн теңге болатын, аумағы 309,5 шаршы метр екі деңгейлі пәтер де бар.

Сонымен қатар, «Green Village» тұрғын үй кешеніндегі 231,8 шаршы метрлік пәтер 214 млн теңгеге, ал «Миланский кварталдағы» коммерциялық нысан 353,7 млн теңге бастапқы бағамен ұсынылған.

Аукцион толықтай онлайн форматта өтеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove