Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы, материалдық көмек және үстемақы төлеу тәртібі өзгерді

Көркем Алдабергенова 03 ақп. 2026 16:23

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге сыйақы (премия), материалдық көмек және үстемақы төлеу қағидалары жаңартылды. Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған 2026 жылғы 29 қаңтардағы №54 қаулыда көрсетілген. Құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қандай жағдайда сыйақы төленеді?

Zanger.prg сарапшыларының мәліметінше, жаңа тәртіпке сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге сыйақы келесі жағдайларда берілуі мүмкін:

  • қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін;

  • мінсіз мемлекеттік қызметі үшін;

  • ерекше маңызы бар және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін;

  • белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері үшін;

  • шұғыл әрі алдын ала жоспарланбаған, бірақ мекеменің немесе оның бөлімшелерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды тапсырмаларды уақытында орындағаны үшін;

  • Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарын, сондай-ақ Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілері мен тапсырмаларын уақтылы әрі сапалы орындағаны үшін;

  • егер бұл тікелей қызметтік міндетіне кірмесе, заң жобаларын, келісімдер мен нормативтік-құқықтық актілерді әзірлегені үшін;

  • өзге де еңбек жетістіктері мен қызметтік бағалау нәтижелері бойынша.

Қай кезде берілуі мүмкін?

Сыйақы төлеу:

  • мереке күндеріне,

  • мерейтойлық даталарға,

  • қызметкерлердің жеке мерейтойларына орай да тағайындалуы мүмкін.

Кім шешім қабылдайды?

Орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің бірінші басшылары (немесе оларды алмастыратын тұлғалар) қызметкерлерге сыйақы төлеу тәртібін өздері әзірлеп, бекітуге құқылы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove