Қазақстандық блогерлер 18 миллиард теңгеден аса табысын ресми түрде декларациялады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Tengrinews.kz-ке берген жауабында мәлімдеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми дерекке сүйенсек, былтыр салық органдары 854 инфлюенсер мен блогерге 1 586 хабарлама жолдаған.
Оған 2022–2023 жылдары 71,9 миллиард теңге көлеміндегі табыс төмен көрсетілуі себеп болған.
Комитет мәліметінше, қазір 622 блогер қосымша декларация тапсырып, жалпы сомасы 18,2 миллиард теңге болатын табысын көрсеткен. Осы кірістер бойынша 875,5 миллион теңгеге салық есептелген.
