Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бұл істе талапкер ретінде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтің анасы қатысып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
3 ақпанда сотта Бишімбаевтің бұрынғы жұбайы Назым Кахарманның айғақтары тыңдалуы тиіс болды. Сонымен қатар, отырысқа онлайн форматта бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша куәлік берген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров та қосылды.
Сот отырысының басында судья Назгүл Бапақова куәларды сұрау кезінде және олардың көрсетілімдері барысында фото, видео және аудио түсірілім жүргізуге тыйым салды.
Оның түсіндіруінше, мұндай шешім сот отырысы кезінде болып жатқан жайттардың мән-мағынасының бұрмалануына жол бермеу мақсатында қабылданған.
