Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот үкіміне сәйкес, экс-басшы әлеуметтік осал санаттағы қазақстандықтар үшін аяқталмаған пәтерлерді сатып алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, оның алдындағы бөлім басшысына және мердігер ұйым өкіліне қатысты тергеу жүріп жатыр. Олар көпқабатты тұрғын үй құрылысы кезінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін 451 млн теңге төленуіне байланысты күдікке ілінген.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауда отыр. Істі облыстық прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізіп жатыр.
