Бұл Желтоқсан оқиғасының саяси бояуын қалыңдатып жіберіпті.
Мұны 1986 жылы "Америка дауысы" мен "Азаттық" радиосынан Бақытжанды таныстырып, өлеңдерін оқыған Канадада тұратын қазақ ақыны Бақыт Кенжеев өткен күзде Алматыда кездесуде айтты.
Бақытжан Қапанияновтың 1986-1988 жылдары әдебиеттен шеттетіліп, қуғынға ұшырауына да осы өлең себеп болыпты. Бұл өлең «Простор» журналының 1986 жылдың қаңтар айындағы нөмірінде жарияланды.
Сол кезден бастап Мәскеуде Орталық Комитеттегі Егор Лигачев, Юрий Скляровтың тікелей нұсқауымен оның кітаптары баспадан алынып тасталып, өлеңдері өртелді.
Валерий Маричевтің "Пусть это будет нашим секретом" кітабында ақынды Өзбекәлі Жәнібековтың қуғын-сүргінен қалай қорғап қалғаны, Виктор Бадиковтың естеліктерінде "Простор" журналының ақынға араша түскені айтылған.
«Айдау мен қуғын-сүргіннен Өз-ағамыз арашалап алды. Бұл ес жиып, алға жүруіме күш берді. Сол кезде маған қолұшын беру жоғары лауазымда жүрген тұлға үшін басын бәйгеге тіккенмен бірдей еді. Мен мұны ұмытпаймын, – дейді Бақытжан Қанапиянов.
Позабытый мной с детства язык,
Пресловутое двуязычие,
При котором теряю свой лик
И приобретаю двуличие.
Я пойму неизвестного мне
Уходящего аборигена,
Но когда среди ночи во сне
Перед предком склоняю колено,
Сознаю, что не верит он мне,
Как пришельцу из тяжкого плена.
Усмехнется он в той тишине:
"Ты меня недостойная смена".
Бақыт Кенжеевтің (төменде суретте, ред.) айтуынша, Бақытжан осыдан кейін ОК-тің қара тізіміне ілінген ақындардың қатарына қосылды.
Ал әлем мұны қазақтың емес, жекелеген ұлттардың трагедиясы деп қабылдады.
Кейін Бақыт Кенжеевтан осы туралы пікір берумізде өтінген кезде қазақ екенің қанмен берілген қасиет екенін, Бақытжанда бұл қасиет бар екенін, Бақытжан орыс тілінде жазғанмен, қазақтың иісі шығып тұратынын айтып берді.
«Мен ана тілім – қазақ тілін білмеймін. Бұл менің жанымды жаралайтын драмам, трагедиям. Бірақ тамырыммен байланысымды үзген емеспін...", – дейді Бақыт Кенжеев.
Бақытжан Қанапиянов бізге болашағына нүкте қойған жырдың 1985 жылдың желтоқсанында жазылғанын, оған Мұрат Әуезов пен Олжас Сүлейменов сияқты аға достары бата беріп, тұсауын кескенін айтып берді.
Желтоқсанның ызғарлы күндерінде әлемге таралып кеткен ана тіліміздің музасы ақынның көз алдында жойылды. Қолдағысы – достарының жанкештілігімен сақталып қалған үзіндісі ғана.
«1986 жылдың аяғы балапан басымен, тұрымтай тұсымен кетті. 1986 жылдың желтоқсанында Олжас Сүлейменовті тұтқындауға рұхсат беретін құжат жобасының дайындалып қойғанын екінің бірі білмейді. Оны қуғын-сүргіннен Димекең құтқарып қалды.
Жалғыз жанды Аллаға аманат етуден басқа амал болмады. Ешкімге өкпелемедім. Бірақ екі жыл бойы мен бастан кешкендерді, әдебиеттен шеттетілгендегі көңіл-күйімді жауыма да тілемеймін. Екі жыл маған ғасырдан да ұзақ уақыт болды, – дейді Бақытжан Қанапиянов.
Ақынның айтуынша, «Желтоқсанның батырымын» деп есептейтіндер көбейіп кеткенін, батыр санайтындардың көптігінен қайсысының шын батыр екенін ажырата алмайтын жағдайға жеткенімізді айтып берді.
«ХХ ғасыр қазақтың азаттық үшін күресінің барынша ұйымдасқан, саясиланған формасымен басталды. Қылыш пен семсер өткен ғасырдың еншісінде қалды. Әрісі – Алаш, берісі – Желтоқсан қозғалысы 1930-1990 жылдардағы ұлт-азаттық бағыттағы идеяның жаңғырығы – дейді Бақытжан.
Желтоқсанның ызғарлы күндері өзімен байланысты болған оқиғалар әлі күнге дейін көз алдында.
«Менің үйім Төлебаев көшесінде еді. Желтоқсан оқиғасы болып жатқан кез. Кешкісін біздің жақты бетке алып жүгіріп келе жатқан қазақтың өрімдей екі бозбаласын тоқтатып, үйге алып келдім. Соңында қуғын бары түсінікті.
Үйге келген соң олар "Аға, біздің не кінәміз бар. Біз Конституциялық құқымызды пайдаландық" дейді. Балаларды сол күні үйде түнетіп, ертеңіне пәтерлеріне дейін жеткізіп салдым», – дейді ол.
Ақынның досы Мұрат Әуезовтің айтуынша, сол кездері "ақынның досымын" дегендердің біразының көзқарасы бірер күннің ішінде 180 градусқа өзгеріп шыға келген.
Бұл сынақ оның достарының қатарын сиретіп жіберген.
«Бақыт Кенжеев оқыған өлеңді радиодан тыңдай алмадық. Найзағайдың жалын қолмен ұстау мүмкін емес қой. Сол сияқты өтті де кетті. Тек әдемі әсер қалды. Қайталап тыңдауға немесе үн таспаға басып алуға мүмкіндік шектеулі. Бірақ жастарға рух бергеніне сенемін, – дейді Мұрат Әуезов.
1986-1988 жылдары орыс тілді қазақ ақыны Бақытжан Қанапияновтың алыс-жақын шетелдердегі танымалдылығы "еселеніп" кетті.
Шетелдік баспалардан кітабын шығаруға ұсыныстар түсті. Тіпті саяси баспана, азаматтық ұсынғандары да болыпты. Мұның алдында досы Бақыт Кенжеев Мәскеу, одан әрі АҚШ-қа барып тұрақтаған.
Ақынның "Обратная перспектива" деген өлеңдер жинағын француз тіліне аударған ақын Тьерри Мариньяк "Жан-Бақыт" деген ат берген. Аты-жөнінің өзгеруімен тегін жоғалтып алатындар барлық елде бар.
"Бұл есім сізді қазақтың ортасынан алыстатып жіберген жоқ па?" деген сауалға төмендегі жауапты алдық.
«Бақытжан түркі-қазақ терминінде "Бақытты жан" дегенді білдіреді. "Жан Бақыт" та "Бақытты жаннан" алыстап кеткен жоқ. Есімім қырық тілге аударылса да Бақытжан болып қаламын, – дейді ол.
Бақытжан бізбен әңгімесінде АҚШ-қа, Батыс елдеріне деген ықыласының ерекше екенін айтты АҚШ әлемнің 20 шақты елінің поэззиясына ғана емес, үлкен достыққа жол ашты. Үш кітабы жарыққа шықты.
«Бірақ азаматтығымды ауыстыруды басыма қара бұлт үйірілген күндері де ойлаған жоқпын. Бұл – жалаң пафос емес, шын сөзім. Шығармаларым АҚШ, Англия, Канада, Малайзия, Қытай тәрізді 20 мемлекетте басылды. 20 елде оқырманым бар.
Түп-тамырымның Шыңғыс ханға барып тірелетінін, чингизид екенімді ұмытқан емеспін. Бабам Шыңғыс хан көзі тірісінде табаны тиген елдің босағасында емес, төрінде отырды. Мен де қазақтың, Қазақстанның Бақытжаны болып, орталарыңызда жүре берейін, – дейді.
Бақытжаннан «Америка дауысы»" мен "Азаттықта" оқылған өлеңнің аудионұсқасы қайда?» деген сұрағымызға жауап бергісі келмеді. Ал оның досы Мұрат Әуезов басқаша ойлайды.
Сағат Әшімбаевтың алаңға шыққан жастардың бейнесі жазылған таспаны сақтап қалған жанкештілігін тарих ұмытпайды. Сол таспа қазір Ұлттық телеарнаның алтын қорында тұр.
Желтоқсан оқиғасы кезінде Бақытжанның Бақыт Кенжеев оқыған жырларының орны бөлек. Бұл – тарих. Мұны уақыт оздырмай елге алдырып, қайта өңдеу керек. Ел ішінде Желтоқсан оқиғасына қатысты деректер Ресей архивтерінде сақтаулы деген сөз бар. Енді созсақ, оны қалыпқа келтіру қиын болады, – дейді Мұрат Әуезов.
М. Әуезов айтып өткендей, бұл мәселені министрлік деңгейінде шешуге болады. Желтоқсан құрбандарын еске алған кездері телеарналар таңғы жұмысын сол өлеңдердің Бақыт пен Бақытжанның бейнесінде, қазақша аудармасымен бастауды міндеттеу керек. Келер ұрпақ 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи мәнін, қазақ баласының не үшін алаңға шыққанын сол кезде ғана сезе алады Қазақ тарихына қатысты таспада сақталған сөз – тарих үнсіз қалғанда сөйлейтін дерек» дейді – дейді Мұрат Әуезов.
Рауан Байзахов