"Қылмыстық топқа жәрдемдескен...". Журналист Михаил Козачков ұсталды

Dalanews 18 жел. 2022 13:33 751

Қаржы мониторинг агенттігі журналист Михаил Козачковты ұстады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Ол Болат Назарбаевтың "оң қолы" саналған Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобына рейдерлікпен айналысуға көмектескен деп күдіктелуде.

Dalainside телеграм арнасы агенттіктің ресми түсініктемесін сығымдап ұсынған екен.

Қоспаев бастаған рэкеттер танымал кәсіпкерлердің бизнесін тартып алу алмас бұрын Козачковтың "көмегіне" жүгініп, өз құрбандарына ақпараттық шабуыл жасаған.

Козачков бұл іске органда қызмет істеген досы Бурхан Жансейітовті (төменде суретте) тартқан.

Соңғысы қылмыстық топтың сойылын соғып, құрбандарын қаралайтын компромат жинаған.



Жансейітов Козачковтың арнасын қылмыстық топтың талабына бейімдеп, журналистің жазбаларының астына ОПГ-ның басқа мүшелерімен бірігіп, нысанаға ілінген кәсіпкердің үстінен негатив пікір ұйымдастырған. Бұған қарсы келген қолданушыларды бұғаттап отырған.

Козачков-Жансейітов тандемінің Қоспаевтан 52 млн теңге сыйақы алғаны дәлелденіпті.


Қоспаев жетекшілік ететін ОПГ осы күнге дейін біраз бизнесменді қан қақсатқан.

Атап айтқанда кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың (төменде суретте) "Есентай сити" жобасындағы үлесіне ортақтасқан, тағы бір кәсіпкердің шыны ыдыстар шығаратын зауытын иемденіп алған.



Козачков зауыт иесінің беделін түсіретін бірқатар мақалаларды үсті-үстіне жариялаған.

Журналист бұдан бөлек Елдостың інісі Айдос Қоспаевтың жазадан жалтарып кетуіне жәрдемдескен.

Бұдан басқа, Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар