Петропавлда орналасқан бір супермаркетте тауар бағаларының рубльмен көрсетілуі жергілікті тұрғындар арасында наразылық тудырды. Бұл жағдай бойынша қала тұрғыны тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда саласын реттеу департаментіне шағым түсірген, деп хабарлайды Dalanews.kz
Stan.kz басылымының мәліметінше,дүкен сөрелеріндегі бірқатар өнімнің құны ұлттық валюта – теңгемен емес, ресей рубльмен жазылған. Департамент мамандары шағым бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізіп, фактіні растады.
Тексеру нәтижесінде супермаркет иесіне әкімшілік айыппұл салынып, заңбұзушылықты жою туралы ресми нұсқама берілді. Ведомство өкілдері мұндай әрекет тұтынушыларды шатастырып қана қоймай, олардың құқықтарын бұзатынын атап өтті. Баға белгілеу талаптарының сақталмауы есеп айырысу кезінде түсінбеушілікке әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін де елдің шығысында балалар дүкеніне рубльмен баға қойғаны үшін айыппұл салынған еді.
