Freedom Inside '26

19 жастағы өзбек шахматшысы әлем чемпионы атанды

19 жастағы өзбек шахматшысы әлем чемпионы атанды
Michał Walusza / FIDE

19 жастағы өзбек шахматшысы Жавохир Синдаров Үндістандағы Әлем кубогының финалында жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алғашқы классикалық партия тең аяқталған. Ал екінші партияда өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдаров Қытай өкілі Вэй Иді жеңді. Екеуі де 2026 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алды.

19 жастағы Жавохир Синдаров осы турнирдің ең жас жеңімпазы атанып отыр. Оған 120 мың доллар жүлде беріледі.