ШҚО тұрғыны Бас прокурорды сотқа берді

Сағыныш Сардарова 28 қар. 2025 17:37

ШҚО тұрғыны бірнеше ай бойы Бас прокурормен кездесе алмай, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Нұрлан Әубәкіров Бас прокуратураға жеке қабылдауға жазылуға тырысқан, бірақ өтініші облыстық прокуратураға қайта жіберілген. Ол дәл осы ведомствоның әрекеттерін заңсыз деп санап, жоғары тұрған органның басшылығымен тікелей сөйлескісі келген.

Әубәкіровтің айтуынша, ол ШҚО-дағы ондаған миллиард теңгеге қатысты жемқорлық деректерін, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігін жеткізгісі келген. Облыстық прокуратурамен мәселе шешілмегендіктен, ол Бас прокурордың жеке қабылдауын талап еткен.

Сот оның уәждерін қарап, мынадай шешім шығарған: Бас прокуратураның қабылдауға жазудан бас тартуы заңсыз. Ведомство әкімшілік рәсімді соттың ұстанымын ескере отырып аяқтауға тиіс. Ал Бас прокурордың өзін жауапкер ретінде тарту талабы қанағаттандырылмады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар