Таразда жекеменшік процедуралық кабинетте пациенттің өліміне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ер адамға антибиотик егіп болған соң анафилаксиялық шок басталып, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Тексеру нәтижесінде кабинет лицензиясыз жұмыс істегені анықталды.
Сот кабинет иесіне 2,5 жыл бостандығын шектеу, ал медбикеге 1 жыл жаза тағайындады. Екеуіне де үш жыл бойы инъекциямен байланысты қызмет атқаруға тыйым салынды. Сонымен қатар, марқұмның туыстарына 5 млн теңге моральдық, 1,5 млн теңге материалдық өтемақы төлеу міндеттелді.
Аймақта осындай екі оқиғадан кейін жекеменшік медициналық кабинеттерге бақылау күшейтілді.
