Алда күн райы күрт өзгереді

Алда күн райы күрт өзгереді
Dalanews.kz коллажы
Алда күн райы күрт өзгереді

Алда күн райы күрт өзгереді. Синоптиктер үш күнге арналған болжам жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады.

Тек республиканың батысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

  • Еліміздің солтүстігінде ауа температурасы сәл жоғарылайды: түнде 0-8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы.
  • Оңтүстік-шығыста күндіз температура біртіндеп 3-11 градус жылыға дейін төмендейді, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады.
  • Елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс болмайды.