Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекеннің" басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов қазіргі таңда жаңа кәсіпті ашуға қызығушылық азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айтуынша, оған экономикадағы турбуленттік, жиі жүргізілетін реформалар, валюта курстарының тұрақсыздығы және реттеуші ортадағы белгісіздік себеп.
"Көп адам жаңа бизнес ашудан қорқып жатыр", – деді Жаркенов Informburo.kz агенттігіне.
Оның айтуынша, кәсіпкерлерге болашақтағы салық салу жүйесі туралы нақты түсінік берілген кезде белсенділік қайта жанданады.
