Павлодарда тұрғындарды мазалай беретін көрші мәжбүрлі емдеуге жіберілді

Асель Қайратқызы 28 қар. 2025 14:43

Павлодарда Торайғыров көшесіндегі 73-үйдің тұрғындары бірнеше ай бойы мазаларын алып келген көршіге қатысты шағым түсірді. Тұрғындардың айтуынша, ер адамның әрекеті бүкіл үйдің тыныштығын бұзып, адамдардың өмір сүруіне кедергі келтірген. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

Тұрғындар көрші күн сайын шу шығарып, айналасына күдік тудыратын адамдарды жинап алатынын айтады. Үй кіреберісінде қоқыс жиналып, иіс пен антисанитария жағдайы қалыптасқан.

“Подъезден шығудың өзі қауіпті. Үйге бөтен адамдар келіп, өздерін бейберекет ұстайды. Тазалық сақтамайды, қоқыс шашып, үйге үйіп тастайды. Иіс, шу – бәрі қажытты”, – дейді тұрғындар.

Олардың сөзінше, ер адаммен жүргізілген әңгіме де нәтиже бермеген. Ескерту жасаса, боқтап, қорлайды. Алкогольге тәуелділігі үйдің тыныштығына ғана емес, көршілердің психологиялық жай-күйіне де кері әсер еткен.

Тұрғындардың шағымы мен куәгерлік айғақтары негізінде ер адам денсаулық сақтау органдары арқылы мәжбүрлі емдеуге жіберілді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар