Елордадағы «Роботек» мектебінің оқушылары Амир Карабаев пен Ансар Саурбаев «Future Engineers» категориясы бойынша WRO-2023 күміс жүлдесін елге әкелді. Сондай-ақ «Роботектен» Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров Қазақстан қоржынын панамалық қоламен толықтырды. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев «Robomission» категориясында үшінші болып жеңіс тұғырына көтерілді. Оларды бірінші болып олардың жаттықтырушылары Владимир Усольцев, Мирас Мұратқанов және Серік Ахметов құттықтады.
Панамада өткен жылдың басты жарысына 80-нен астам елдің робототехникасының ең табысты командалары қатысты. Қатысушыларды қолдауға өткен жылы Дортмундта WRO эстафетасын қабылдаған Панаманың бірінші ханымы Язмин Колон Картизо келді. Елде және әлемде бірінші ханым қайырымдылық және білім беру жобаларымен танымал. Қазақстандық стендте Язмин Колон Картизо біздің жігіттерге сәттілік тіледі.
Дүниежүзілік робототехника олимпиадасының жаһандық күн тәртібі адам мен робот ынтымақтастығын табысты және қауіпсіз ету мәселесіне арналған. WRO-ның негізгі тақырыптары дәстүрлі түрде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен байланысты. 2023 жылға арналған тақырып әлем елдері үшін ортақ – «Connecting the World» «Әлемді байланыстырамыз». Командалар цифрлық индустрия үшін инфрақұрылым мен логистиканы жасайтын роботтармен жұмыс істеді.
Үш күн бойы World Robot Olympiad әлемдік финалында қазақстандық құлтемір құрастырушылар бірегей шығармашылық инженерлік шешімдер мен жеңіске деген сенімділігімен көзге түсті. Жалпы медальдық есепте Қазақстан құрамасы Малайзия құрамасына ғана есе жіберіп, екінші орынға көтерілді.
Ел Қазақстан туының байрақты бәсекеде үш рет желбіреуінің цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне сәйкес келуін жақсылыққа балайды.
Панамада өткен Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасы аясында
елордалық «Роботек» компаниясы Америка Құрама Штаттары,
Қытай және Әзірбайжанның танымал робототехника мектептері мен
клубтарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
World Robot Olympiad Бас хатшысы Клаус Кристенсен «Роботектің» елдегі WRO, STEM білім беру және робототехниканың жаһандық миссиясын ілгерілету бойынша ауқымды жобаларын жоғары бағалады. Клаус Кристенсен информатика мұғалімдері мен мектеп оқушыларын оқытуға және робототехникаға қызығушылықты арттыруға арналған танымал «Ozyq Urpaq» жобасын ерекше атап өтті.
Ұлттық құрама құрамындағы үш «Роботектің» командасының арман
еткен сапары да «Altel» арқасында мүмкін болды. WRO-2023 басты
тақырыбы Altel-дің «Connecting the World» «Әлемді
байланыстырамыз» деген миссиясына сәйкес келетіні таңқалдырмай
қоймайды. Қазақстандық «Altel» ұялы байланыс операторы астаналық «Роботек» мектебімен дос, әрқашан Digital-бағыттың болашақ көшбасшыларының жаңа жетістіктеріне қызығушылық танытып, оларға қолдау көрсетеді.
Бүгінгі таңда World Robot Olympiad – миссиясы бүкіл әлем бойынша робототехника мен STEM білім беруді ілгерілету саналатын жаһандық олимпиада. Қазақстан құрамасы WRO ел чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталды.
Казахстанский триумф на World Robot Olympiad в Панаме
Впервые в истории сразу три казахстанские команды поднялись на пьедестал почета WRO в панамской столице.
Амир Карабаев и Ансар Саурбаев из столичной школы «Роботек» принесли стране серебро WRO-2023 в категории «Future Engineers». Вагиз Дисембаев и Жанарыс Капаров, тоже из «Роботека», пополнили медальную копилку Казахстана панамской бронзой. На пьедестал почета поднялись Максим Усольцев и Динмухамед Абдиев из Назарбаев Интеллектуальной школы города Кызылорды, ставшие третьими в категории «Robomission». Первыми ребят поздравили их тренеры Владимир Усольцев, Мирас Муратканов и Серик Ахметов.
На главные старты года в Панаме вышли самые успешные и амбициозные команды робототехников из более, чем 80 стран.
Глобальная повестка World Robot Olympiad посвящена тому, как сделать сотрудничество человека и робота успешным и безопасным. Главные темы WRO по традиции связаны с Целями устойчивого развития ООН. Тема 2023 года символична для всех стран – «Connecting the World» («Соединяя мир»), команды работали с роботами, создающими инфраструктуру и логистику цифровой индустрии.
За три дня на мировом финале World Robot Olympiad казахстанские робототехники продемонстрировали креативные инженерные решения и высокую мотивацию.
Сегодня World Robot Olympiad – это глобальная Олимпиада, миссия которой в продвижении робототехники и STEM-образования во всем мире. Национальная сборная Казахстана сформирована по итогам странового чемпионата WRO.
Мира Алипинова