“Қайраттың” Чемпиондар лигасы аясындағы ойындары енді Астанада өтеді

Асель Қайратқызы 18 қар. 2025 17:10

Алматылық «Қайрат» Лига чемпиондарының жалпы кезеңіндегі қалған ойындарын Астанада өткізеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

"Қайрат" клубының ресми хабарламасында 9 желтоқсан және 20 қаңтардағы ойындар Алматының ауа райына байланысты Астана қаласында «Астана Аренада» өтетіні айтылған.

Шешім UEFA-мен бірлесіп қабылданған.

«Алматыдағы Орталық стадионда қыста ойын өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы және қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін жағдайды айтарлықтай қиындатып, алаңды күтуге кедергі келтіреді. Көрермендердің жайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін ойындар жабық стадионда өткізілетін болып шешілді», – делінген хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар