Жетісу облысы білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі дәретхана қағазын шектен тыс қымбат бағаға сатып алмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Мемлекеттік сатып алу порталындағы деректерге сүйенсек, 2025 жылдың 17 қарашасында білім бөлімі “Veiro Professional Premium T308” маркалы дәретхана қағазының 3200 орамын сатып алуға байқау жариялаған. 4 орамнан тұратын бір қаптама дәретхана қағазының бағасы 3000 теңге, ал жалпы сомасы 9 миллион 600 мың теңге деп көрсетілген екен.


Алайда ашық интернет-дүкендердегі бағамен салыстырғанда, бұл сома қисынсыз көрінеді. Онда дәл осы өнімнің 4 орамнан тұратын қаптамасы орта есеппен 595 теңге тұрады. Яғни, білім бөлімі көрсеткен баға нарықтағы құнынан 5 есе қымбат.
Келісімшарт “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңның 38-1-бабы негізінде жасалған.
Панфилов ауданы мектептеріне арналған қарапайым дәретхана қағазының бағасы не себепті бірнеше есе қымбат көрсетілгені әзірге белгісіз.
