Ақтауда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалған

Ақтауда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалған
видео
Ақтауда жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалған

Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен. Қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады.