Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Париждегі Олимпиада ойындарының чемпионы Иман Хелифтің даулы ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Головкин басылымға берген сұхбатында бұған дейін Олимпиада спорт түрлерінде тыйым салынған және дау туғызған жыныс анықтау тесттерін қолдану жөніндегі World Boxing ұстанымын қорғады. Оның айтуынша, Иман Хелифке қатысты жағдай бокстағы гендерлік саясатқа байланысты “кемшіліктерді, түсінбеушіліктерді” көрсеткен.
«Мұны мүмкіндігінше түзету қажет. Біз ерлер ерлермен, әйелдер әйелдермен бокстасатын адал спортты қолдаймыз. Сол себепті бұл гендерлік тестілеуді жүргізу қажет», – деп Головкин өз позициясын BBC-ге берген сұхбатында мәлімдеді.
