Түркістан облысы Жетісай ауданында өрт 12 адамның өмірін қиды. Көршілері оқиға қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz otyrar.kz-ке сілтеп.
"Таңғы сағат 5:05-те көрдім. Келіншегі "апа, құтқарыңдаршы" деп айқайлап тұр екен. Ол келіншек уланып қалған. Сыртқа шыға алмай тұрды. Көршілерге жүгірдім. От лаулап жанып жатыр екен. Біреуі оянды, біреуі оянбады. Менің балам бір баласын алып шықты. Егіздің сыңарын алып шықты", - деді көршісі Қанайым Жүнісова.
Еске салайық, бүгін жеке үйдегі өрт салдарынан 12 адам қаза тапты, тоғызы - балалар. Мәліметке сүйенсек, өрттен қаза тапқан марқұмдар - бір әулеттің мүшелері.

