Қазақстанда баспана қымбаттап барады: негізгі себептер аталды

Көркем Алдабергенова 18 қар. 2025 13:52

2025 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 12,6 пайызға өсті. Мұндай жалпы қымбатшылық аясында жылжымайтын мүлік нарығында да баға өсімі байқалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мұндай деректерді Ranking жариялады. Басылымның мәліметінше, қазан айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы 13,1 пайызға, ал екінші нарықтағы баспананың құны 11,6 пайызға көтерілген. Журнал төрт негізгі себепті келтіреді.

ҚҚС-тің өсуі және нарық күтулері

ҚҚС мөлшерлемесінің 16 пайызға дейін көтерілуі баға қалыптастыруға ықпал еткен басты факторлардың бірі.

"Құрылыс компаниялары салықтың өсуін алдын ала ескеріп, шаршы метр құнына қосып жатыр", - деп жазады басылым.

Сәйкесінше, баға өсе береді деген күтумен сатып алушылар да белсенді бола түсті. Екінші нарықтағы сатушылар да жаңа үйлердің қымбаттауына қарап, бағаларын көтере бастады.

Сұраныстың маусымдық артуы

Басылым атап өткендей, Қазақстандағы тұрғын үй нарығы әрдайым маусымдық өзгерістерге бейім. Жаз бен күздің басында сатып алу-сату белсенділігі артады, себебі көптеген азамат жыл соңына дейін мәмілені аяқтауға тырысады. Бұл кезеңде құрылыс компаниялары да жаңа жобаларды көбірек іске қосады. Осы факторлар сұранысты табиғи түрде өсіріп, бағаның көтерілуіне әсер етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар