Түркістан әуежайына жаңа инвестор келеді

Асель Қайратқызы 18 қар. 2025 14:50

Осыған дейін Түркістан әуежайын сенімгерлік басқаруға алу мүмкіндігін қарастырған Вьетнамның Sovico Group компаниясы жобаға қатысудан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қызылордадағы «Қорқыт-Ата» және Түркістандағы «Хазрет Сұлтан» әуежайлары сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігі қарастырылған еді. Бастапқыда Түркістан әуе айлағын SOVICO Group басқарады деп күтілген.

Алайда Түркістан қаласы әкімінің аппаратында компанияның әуежайды басқарудан бас тартқаны хабарланды.

Көлік министрлігі хабарлағандай, өткен жылы инвесторлар жалпы сомасы 150 миллиард теңгеден асатын жеке инвестициялар есебінен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды.

«Соңғы 5 жылда Астана қаласының әуежайы (Көкшетау филиалы) (2025 жылы), Алматы (2020 жылы), Шымкент (2024 жылы), Атырау (ATMA) (2024 жылы), Қарағанды (2023 жылы), Орал (2023 жылы), Петропавл (2022 жылы) әуежайлары мүдделер теңгерімін сақтай отырып, инвесторлардың басқаруына берілді», — деп атап өтті ведомство.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 20 әуежай жұмыс істейді, олардың ішінде:

                            10 мемлекеттік әуежай — Атырау, Түркістан, Ақтөбе, Талдықорған, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Өскемен, Семей, Балқаш;

                            5 әуежай сенімгерлік басқаруда — Астана, Шымкент, Ақтау, Көкшетау, Петропавл;

                            5 жеке әуежай — Алматы, Тараз, Қарағанды, Орал, Жезқазған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар