Зеленский Ресеймен келіссөзді жандандыру үшін Түркияға бармақ

Көркем Алдабергенова 18 қар. 2025 14:43

Зеленский Түркияға барып, Ресеймен келіссөздерді қайта жандандыруға ұмтылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Владимир Зеленский ертең Түркияға баруды жоспарлап отырғанын, сапардың басты мақсаты Ресеймен соғысты аяқтау жөніндегі келіссөздерді қайта қалпына келтіруге талпыныс екенін мәлімдеді.

«Біз келіссөздерді жандандыруға дайындалып жатырмыз және әріптестерімізге ұсынатын ұсыныстар пакетін әзірледік. Соғыстың аяқталуын жақындату үшін мүмкін болатын барлық әрекетті жасау Украина үшін басты басымдық», - дейді Зеленский. 

Reuters агенттігіне түрік дереккөзі ертең Түркияға АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф та келеді және Зеленскиймен өтетін кездесуге қатысуы тиіс екенін хабарлады.

Ресей мен Украина арасындағы соңғы келіссөздер шілде айында өткен, нақты нәтиже бермей, тез аяқталған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар