Осы орайда, өңір ғалымдары тарапынан жалпыхалықтық талдаудан өткен әліпбидің соңғы нұсқасын қолдау тауыпты. Сондай-ақ, кездесу барысында Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан – үш түркітілдес мемлекеттердің тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, олардағы жетістіктер мен кемшін тұстарын атап айтты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты проректорының міндетін атқарушы Еркін Махашевтың айтуынша, қазір олар қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктерін сақтау бойынша ізденіп жатыр. Тіл мамандарының әдіс-тәсілдер жиынтығы балабақша және бастауыш сынып балаларына арналады. Топ мүшелерінің пайымынша, латын әліпбиі – тың технологиялардың тілі.
– Ғалымдар латын әліпбиіне көшудің әдістемесін жазып жатыр. Бұл жерде жастардың да үлесі зор. Латын әріптерін сауатты қолдану үшін тиянақты болу керек. Себебі қазақша жазу жоғалмай, ұлттық код сақталуы тиіс, – дейді ОҚМПИ проректорының міндетін атқарушы Еркін Махашев.