Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өтіп жатыр.
Отырыс барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс тобының ұсыныстарын талқылауда.
Парламенттік тыңдауда ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин латын әліпбиіне көшу тек қазақ тіліне қатысты екенін атап өтті.
«Мемлекеттік тілге қатысты реформа мемлекеттің тіл саясатына қатысты өзгерістерді қарастырмайды. Бұл туралы Елбасы қысқа әрі нақты айтқан болатын. Әлипбиді өзгерту тек қазақ тіліне қатысты. Латын әлипбиіне көшуі тек қазақ әліпбиі мен орфография ережесін реформалауға байланысты. Бұл тіл фонетикасы мен графикасын арасында тиісті байланысты орнатуға мүмкіндік береді. Осылайша, латын әліпбиін енгізу елдің ішкі мәселесін шешуге, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған», - деді төраға.
Оның айтуынша, орыс тілінде шығатын басылымдар бұрынғыша кирилицада шыға береді.
«Елбасы атап өткендей, латын әліпбиін көшу орыс тілінен, кирилицадан бас тартуды білдірмейді. Латын әліпбиіне көшу тек қазақ тіліне қатысты. Ал орыс тілінде шығатын басылымдар бұрынғыша шыға береді. Яғни Қазақстанның орыстілді тұрғындары үшін кирилица қалады», - деді Нұрлан Нығматулин.
Парламенттік тыңдауға Премьер-министр орынбасары Ерболат Досаев, Сенат және Мәжіліс депуттары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ЖОО ректорлары қатысуда.
Сондай-ақ, талқылауға әліпби жобасын әзірлеуші Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының және Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының басшылары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен сарапшылар, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері шақырылды.
Айта кетейік, Мемлекеттік тілді жаңғырту қажеттілігі, оның ішінде латын графикасына өту туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында атап өткен.
ҚР Президенті өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы әліпбиінің бірыңғай стандартын қабылдауды, ал 2018 жылы оқу әдебиеттерінде дайындықты бастау міндетін қойған болатын.
Парламенттік тыңдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданады деп ұйғарылған.
Дереккөз: baq.kz