Freedom Inside '26

Орысша жазылмаса, біздің орыстілділер адасып кетеді

Орысша жазылмаса, біздің орыстілділер адасып кетеді


Белгілі журналист Дәурен Қуат Фейсбуктегі парақшасына қызықты жазба жариялады. Онда белгілі саясаткер Дос Көшімнің тауып айтқан сөзі келтірілген. Журналистің жазбасын қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

 Өткенде Дос Көшім ағамыз бен бір түрік азаматының арасындағы төмендегідей аз-кем сұхбатқа куә болып едім. Соны, тележурналистердің тілімен айтқанда, сіздермен бөлісейін деп отырмын.

Түрік азаматы:

– Қазақ теңгесінің бетіндегі жазу неге екі тілде? «Бес мың теңге» деген соң оның қасына «Пять тысяч» деп жазудың қаншалықты қажеті бар?

Дос Көшім:

– Қажет. Себебі, біздің орыстілділер цифр танымайды.

Түрік азаматы:

– Көше атауларының екі тілде жазылуы не үшін керек?

Дос Көшім:

– Керек. Себебі, орысша жазылмаса, біздің орыстілділер адасып кетеді.