Иә, 2019 жылдың соңы және 2020 жылдың басы бойынша жасалған бұл рейтинг қорытындысына сәйкес, Қазақстан халқы үшін белгілеген газ бағасы ең арзан мемлекетке жатады.
Орташа жалақы алатын біздің ел азаматы айына 8,8 мың текше метр газ сатып алуға мүмкіндігі бар.
«Жалақы мұнда аз, бірақ есесіне рейтингіге кірген елдер ішіндегі ең арзан газ осы мемлекетке тиесілі. Қазақстанда табиғи газдың бір мың текше метрін 44,7 долларға сатып алуға болады» деп жазыпты РИА Рейтинг.
Газы халқына қолжетімді екінші мемлекет – Люксембург. Бір адамның мұнда 8,3 мың текше метр газ сатып алуға мүмкіндігі бар. Оның үстіне бұл елде газ құны Қазақстанға қарағанда халқы үшін 10 есе қымбат: 1 мың текше метр үшін 467,8 доллар төлейді. Дегенмен, бұл Еуропадағы азаматтары ең жоғары жалақы алатын мемлекеттің бірі.
Содан кейін барып, ІІІ-орында Ресей (1 мың текше метріне 87,9 доллар) тұр. Солтүстік көршінің орташа жалақы алатын тұрғындары ақшасына шамамен 6,5 мың текше метрге жуық газ сатып ала алады.
Ең қымбат газды Швеция тұрғындары тұтынады. Ұлттық валютаға шаққанда бір текше метр көгілдір отынға жергілікті тұтынушылар шамамен 575 теңге (Қазақстанда 18,5 теңге) төлейді. Алайда Швеция жаңартылатын энергия көздерін барынша пайдалануға тырысады, сондықтан бұл елде табиғи газды тұтыну көлемі шамалы көлемді құрайды. Бұл - салыстыру үшін мысалға келтірілген цифрлар.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың тұтынушылар үшін бөлшек саудадағы бекітілген бағасы
Өңірлер | Тұтынушы | 1 м3 газдың құны
(ҚҚС қоса есептегенде) |
Түркістан облысы,
Шымкент қ. |
Елді-мекендер | 31,59 |
Заңды тұлға | 28,27 - 35,79 | |
Алматы облысы | Елді-мекендер | 29, 55 |
Заңды тұлға | 29, 55 | |
Алматы қ.
|
Елді-мекендер | 29, 44 |
Заңды тұлға | 22,04 - 30,65 | |
Жамбыл облысы | Елді-мекендер | 25,55 |
Заңды тұлға | 20,08 - 35,26 | |
Костанай облысы | Елді-мекендер | 23,41 |
Заңды тұлға | 21,40 - 30,05 | |
Кызылорда облысы | Елді-мекендер | 20, 90 |
Заңды тұлға | 18,61 - 21,18 | |
БҚО | Елді-мекендер | 17,24 |
Заңды тұлға | 11,85 - 17,87 | |
ШҚО (Зайсан қ.) | Елді-мекендер | 11,22 |
Заңды тұлға | 11,22 | |
Маңғыстау облысы | Елді-мекендер | 9,96 |
Заңды тұлға | 6,59 - 21,42 | |
Ақтөбе облысы | Елді-мекендер | 9,73 |
Заңды тұлға | 7,49 - 14,54 | |
Атырау облысы | Елді-мекендер | 8,14 |
Заңды тұлға | 8,14- 19,80 |
Жергілікті халық үшін орташа баға – 1 текше метрі 19,7 теңге
Заңды тұлғалар үшін орташа баға – 1 текше метрі 16,84 теңгеден бастап 24,30 теңгеге дейін.
Цифр демекші, ҚР Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, техника ғылымдарының докторы Ләззат Қиынов «Қазправда» газетіне берген сұқбатында мынандай салыстымалы статистиканы да алға тартады:
- Бүгіндері газ еліміздің көптеген үйлерінде қолжетімді, ал аймақтарды газдандыру ел басшылығы ұстанатын басты басымдықтарының бірі болып табылады. Мемлекет әрдайым халық үшін газдың бағасын төмен ұстау саясатына жүгініп келеді.
Айта кету керек, ТМД-дағы ең төменгі газ бағасы –біздің елімізге тиесілі. Мәселен, Қазақстанда көгілдір отынның 1 текше метрінің орташа бағасы 18,5 теңгені құрайды.
Бұл - Ресейдегіден екі есе арзан және Қырғыз еліне қарағанда 5 есе арзан баға. Бүгіндері пәтері бар тұрғынның ай сайынғы газға кететін шығынының құны орта есеппен 1,7% немесе коммуналдық қызмет құнының шамамен 600 теңгесін құрайды. Ал бұл жылу шығындарынан 16 есе, интернет пен телефоннан 12 есе, электр энергиясынан 6 есе аз, тіпті қоқыс шығаруға кететін шығын газдан екі есе қымбат.
Мамандар арзан бағамен осылайша ішкі нарықты молынан газбен қамтамасыз ету газ саласына пайдадан гөрі, көбірек шығын әкелетінін баса айтады. Міне, бұл шығындар осы күнге дейін әрдайым газ экспортымен жабылып, салаға көп ауыртпалық салмай келген. Алайда қазір мұның өзі мүмкін болмай барады.
Ең бастысы – сауатты тарифтік реформа керек
Қиынов «Қазправдадағы» мақаласында бұл мәселе шешіміне қатысты былай тоқталады:
«Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы пандемияға байланысты «күйзеліске» ұшырауда. Мұнай өндіруші елдер өндіретін мұнай көлемін азайта бастады. Сондықтан газ тапшы тауарлар қатарына бір-ақ шықты. Мұндайда үкіметке жедел бірнәрсе ойластырып, шұғыл шешім қабылдамаса, ертең суық күндері қарапайым халыққа қиын болып қалуы мүмкін.
Қылышын сүйреп қыс келгенде Қазақстан аумағында көгілдір отын жетіспеушілігі орын алмас үшін қазірден газ саласының жұмысшыларына қандай қолдау көрсетуге болатынын ойластыру қажет.
Үздіксіз газбен қамтамасыз ету, аяқ-астынан біздің еліміздің бас ауруына айналуы әбден ықтимал. Негізінен, осы саладағы бағаны белгілеу тәсілдері қайта қарастыруға сұранып тұр. Сондықтан мамандар мен шенеуніктер уақытты көп созбай барлығына қолайлы бағаны таңдау керек.
Әрине, бағаны өсіру дегенде ол қарапайым халықтың қалтасын қағып, қинап қою дегенді білдірмеуі тиіс. Баға халықтың ай сайынғы төлем қабілетін ескеріп реттелуі керек», - дейді техника ғылымдарының докторы Ләззат Қиынов.