Жол салу жалқаулық пен жалтақтауды жақтырмайды

Dalanews 21 ақп. 2024 10:34 1767

Қазақта "Жол азабын жүрген білер" немесе "Жолы түзелмеген елдің жолы болмайды" деген тәмсіл бар. Ауыл мен шаһарды, қала мен даланы, ел мен елді, жер мен жерді жалғайтын күре жолдың жәйікүн тәртібінен түсер емес. Алысты-жақын, жақынды-алыс қылу көбіне сол жолдың күтімі, сапасы мен жағдайына байланысты. Жуырда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтоғыз жолдың торабында тұрып құрылысы сағызша созылған күре жолдың мәселесін сынға алды. Айтуынша,  республикалық маңызы бар жолдарды салуға отандық кәсіпорындарды тарту керек.

"Келесі – автожол мәселесі. Еліміз үшін айрықша маңызды "Астана-Балқаш-Алматы" тасжолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Талдықорған-Өскемен" жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы тұста Президент бірнеше мәселені ескеру қажеттігін айрықша атап өтті.

"Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар, жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек. Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес"", – деді Президент.

Еске салсақ, 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алматы-Астана" тас жолын екі жыл ішінде жөндеуді тапсырған еді. Алайда мерзім өтті, межелі міндетті  орындауға жауаптылар міз бақпады.  Бүгінде  мың шақырымға жуық жолдың тек 200 шақырымнан астамы ғана қолданысқа беріліпті.

Жалпы Дүниежүзілік экономикалық форумныңрейтингісінде  Қазақстан жол са­пасы бойынша 141 елдің ішінде 93 орын­да тұр.  Көрсеткіште Тәжікстан мен Әзірбайжан әлдеқайда көш ілгері тұр. Тіпті, сарапшы­лар біздегі жолдар­дың сапасын Моңғо­лия, Уганда, Эфиопиядан да төмен бағалап отыр. Елімізде автожолдардың жалпы ұзын­дығы 96 мың шақырымға жетеді. Оның ішін­де 25 мың шақырымы – респуб­ликалық маңызы бар күрежолдар, 71 мың шақырымы – жергілікті жолдар. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет екендігін де басып айтты. Сонымен қатар, Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндеті екенін де атап өтті. Осы ретте көздеген мақсатқа  жету үшін сала маманы мен ғалымдары жүйелі құралдарды ұсынып келеді. Мәселен, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жол саласының нормативтік құжаттық базасын реформалау, жаңалау және өзектендіру жұмыстарын жүзеге асыруда."ҚазжолҒЗИ" жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандитады, профессорЕсенбек Айдарбековтің айтуынша, қазіргі таңда елімізде салалық 1200-ден аса нормативтік құжаттамалары бар, алайда олардың арасында бір-біріне қайшы келетіні немесе дер кезінде өзектендірілмеген құжаттары да орын алады. Сорақысы сол, 19 ведомстволық норматив Кеңес үкіметі кезінен бері қолданылып келе жатыр екен.

"Қазіргі таңда нормативтік техникалық базаны реформалау аясында жаңа технологияларды еңгізу, жолдың сапасына деген бақылау мен талапты күшейту көзделген. Институт жұмысының нәтижесінде соңғы бір жыл ішінде аталған құжаттамалардың 48%-ықайта қаралып, оларды оңтайландыру немесе жою туралы ұсыныстар берілді. Аталмыш бағыттағы жұмыс 2026 жылға дейін жалғасады" дейдітехника ғылымдарының кандитады.

Есенбек Айдарбековтың айтуынша, жасалған жолдың ұзақ жылға шыдас беруі жол-құрылыс материалдарының сапасы байланысты. Осы мақсатта "ҚазжолҒЗИ" Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің қолдауымен Жол-құрылыс материалдарының бірыңғай базасын (rcmbase.kz) іске қосты. Аталған базада мердігерлер мен жобалаушылар құрылыс нысанына жақын орналасқан карьерлерді, асфальт және битум зауыттарын тез тауып, олардың сапа туралы мәліметтерін бірден көре алады. Базаны пайдалану құрылысты жеңілдетеді және жолдарды жобалау жылдамдығын арттырады, ал деректердің ашықтығы олардың құрылыс сапасын жақсарту мен үшінші тараптардың мүдделерін алға басу факторларын жоюға көмектеседі.

"Базаны іске қосу мақсатында "ҚазжолҒЗИ" мамандары елдегі карьерлер мен асфальт және битум зауыттарынан сынамалар алып, олардың қасиеттерінің нормативтерге сәйкестігін тексереді. Шыққан нәтиже базаға енгізіледі. Осы ретте қазір 8 облыстағы 100-ден аса карьерден сынама алынып, талапқа сай келгендері базаға тіркелді",- дейді Есенбек Қыдырәлиұлы.

Ғалымның сөзінше, аталған база ашықтық пен сапа қағидатын ұстанады. Сондықтан да жол-құрылыс материалдарынжөн-жосықсыз жеткізушікейбір жауапсыз компаниялар базаға енуге құлықсыздық танытады екен. Тіпті, сынама алуға барған зерттеушілерге есікашпайтын көрінді. Жолсапасының сын көтермеуінің басты себебі осы болса керек.

Айта кетерлік, rcmbase.kz жол құрылысында жаңа технологияларды енгізу процесін де ашық етті. Енді жаңа және инновациялық технологияларды тіркеу және енгізу онлайн форматта жүргізіледі. Қажетті құжаттарды тіркеу, арнайы комисссия шешімін алу және жаңа технологияны апробациядан өткізу бұдан былай ашық форматта өткізіледі. Бұл өз кезегінде барлық процесті жүйелендіріп, жемқорлықты жоюға септігін тигізеді.

"Жобалаушылар мен мердігер ұйымдар базаға тіркелу арқылытиімді және апробация кезінде өзін жақсы көрсеткен сапалы технологияларды пайдалануға, оны жол салу, жөндеу және күтіп ұстауға  мүмкіндік алады. Нәтиженің ашықтығы мен қолжетімдігі инновацияларды қолдануды жеделдетуге, сондай-ақ автожолдарды жобалау, салу және пайдалану сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", -дейді"ҚазжолҒЗИ" жетекші ғылыми қызметкері.

Сарапшылардың сараптауынша, елде жолдың сапасыз салынуыбілікті маманның тапшылығынан. Статистикаға жүгінсек,Қазақстанда жыл сайын жол саласына екі мыңнан астам кәсіби маман қажет. Ал, жоғары оқу орындары тек  жүзден аса кадр даярлайды. Нарықта өз кәсібін жетік білетін маманның жетіспеуі жұмыс сапасының төмендеуіне тікелей әсер етеді.

"Соңғы онүш жылдаелімізде жолқұрылысы саласында тек екі адам РhD докторы дәрежесін алған. Тілге тиек етерлік, ғылым жолына түсіп, РhD докторы атанамын деушілерге бұл салада бөлінетін мемлекеттік грант мүлдем жоқ. Гранттың бөлінбеуі жас ғалымдардың жігерін жасытып отыр. Мәселені шешу мақсатында қазір мамандар мен ғалымдар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен тығыз жұмыс жасауда",- дейді Есенбек Айдарбеков.

Ғалымның сөзінше, мамандардың біліктілігін арттыруда да мәселелер шаш етектен. Кей жауапсыз жұмыс берушілер қаражат үнемдеу мақсатында өз қызметкерлерін арнайы курстарға жібермейді. Бұл жаңа технологияларды енгізуге кері ықпал етіп, жұмыс сапасын тұралатады. Осы орайда "ҚазжолҒЗИ" қабырғасында біліктілікті арттыру курстары жұмыс жасайды. Соңғы бір жылда институт300-ден аса маманды біліктілікті арттыру курстарынан өткізген.

""ҚазжолҒЗИ" жол саласы мамандарына арнап Jolshy.kz бірыңғай біліктілік базасын ұсынып отыр. Ол – салалық еңбек биржасы немесе кәсіби мамандардың сандық банкі. Базаарқылы мердігер ұйымдар онлайн режимінде жолдарды жобалау, салу және қайта құру үшін қолайлы мамандарды таба алады. Ал, жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады, өйткені базада олардың дағдылары, оқыту курстарының сертификаттары мен біліктілік деңгейі де  көрсетіледі.Нәтижесінде елімізде білікті кадрлардың жетіспеуі сынды мәселешешіледі",- дейді техника ғылымдарының кандидаты.

Отандық ғалымдар Қазақстанның қатал климатына төзімді болатын ғылыми жаңалықтарұсынып отыр. Бірі – ылғал мен күрт континенталді ауа температурасына төзімді жол белгілері болса, екіншісі -35С-қа дейін қасиетін жоғалтпайтын көктайғаққа қарсы материал. Бұл жолды күтіп ұстау бағытындағы алғашқы отандық өнім болмақ. Қазіроларзертханалық деңгейде жақсы нәтиже көрсетіп, апробациялық участкілерде сынақтан өткізілуде. Зерттеу оң нәтиже көрсетсе, елімізде жол белгілері мен көктайғаққа қарсы отандық материал пайда болады.

Бүгінгі таңда отандық ғалымдардың шешімдерін пайдалана отырып, жол саласының мәселерін заманауи IT құралдары мен жол саласының нормативтік құжаттамасын оңтайландыру, жаңа технологиялар мен жол құрылыс материалдарының сапасын бақылау бағытында шешужұмыстары жүзеге асырылып отыр.

Автор: Арайлым АБАЙҚЫЗЫ 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар