Жемқорлар шартты түрде бостандыққа шыға бере ме?

Dalanews 31 қаз. 2019 09:36 739

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бойынша істі болып сотталғандардың біразы мерзімінен шартты түрде бостандыққа шығуы көпшіліктің наразылығын тудырып отырғаны жасырын емес. Дәл осы мәселеге қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев пікір білдіріп, жемқорлық ісі бойынша сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына тосқауыл қою керек екенін алға тартты.

– Бүгінде Жоғарғы сот өкілдері өз жұмысын адал атқармайтын судяларамен күрес жүргізіп жатыр. Біздер олардың бұл бастамасын құптаймыз. Биылдың өзінде заңға қайшы шешім шығарған бес судя сотталды. Осы ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктігі құқық қорғау органдары мен сот қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы жауапкершілігін арттыру турасында бастама көтеріп отыр.

Аса ауыр және аса ауыр жемқорлық әрекетке барған шенділерді шартты түрде бостандыққа жіберу ісіне шектеу қою мәселесін көтеріп отырмыз, – деді агенттік төрағасы.


Сонымен қатар ол бүгінде елімізде негізгі қылмыс жемқорлық ісімен тікелей байланысты екенін де жасарған жоқ. Айталық, парақорлық – 850, талан-тараж – 714, қызмет бабын асыра пайдалану бойынша 224 қылмыс тіркелгенін де агенттің төрағасы алға тартты.

– Жыл басынан бері 1028 тұлғаны қылмысы әшкере болды. Олардың 23 республикалық деңгейдегі басшылар болса, 86-сы облыстық деңгейдегі атқамінерлер болған. Олардың жасаған қылмысынан мемлекетке 23,2 млрд теңге шығын келген. Бұл өткен жылмен салыстырған 1,7 есеге жоғары болып тұр, – деп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің басшысы кісі шошитын шындықты жайып салды.

Мұндай жағдайда мемлекет қаржысын қымқырып істі болғандардың арада біраз уақыт өтіп, істің қызу басылғаннан кейін шартты түрде бостандыққа шығуы жемқорлардың жазадан қашыуына жол ашатыны анық. Құқықтың мемлекет санайтын Қазақстан билігі мұндай бассыздыққа жол бермеуі кере деп есептейміз.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар