Кездесуде облыс әкімі өңіріміздің экономикалық әлеуетін айта келе, көрші елмен алыс-берісті күшейту бағытында бірқатар ұсыныс пікірлерін жеткізді.
«Меніңше бұл кездесу екі тарап үшін де тиімді болады. Себебі біздің өңірде кәсіпкерлікпен айналысу үшін ыңғайлы жағдай жасалған. Ол қытайлық кәсіпкерлерді қызықтырады деп ойлаймын. Бұған дейін де екі ел арасында байланыс жақсы болып келді. Еліміздегі қытайлық компаниялармен бірлесіп жүзеге асырылған 50-ден астам жобамен, қос тарап арасындағы тауар айналымның 10,4 млрд-қа АҚШ долларына жеткені осының дәлелі. Алдағы уақытта әріптестік қарым-қатынасты туризм және инвациялық даму бағытында да нығайта түсеміз деген сенімдемін», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Оңтүстік өңірі жайлы ақпаратқа қаныққан қонақтар да бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екендіктерін жеткізді. Олар Қытайда білім саласына қатысты жаңа бастама іске асырылғалы жатқанын айта келе, қазақстандықтарды өз елдеріне оқуға шақырды.
«Негізінде қос тарап арасында қатынасты нығайту екі елге де өте тиімді. Осы ретте біз ғылым мен білімді дамытуға күш салып келеміз. Аталған саланы дамыта отырып, көрші елдермен қатынасты нығайтуды көздеп отырмыз. Мәселен, осы жоба аясында қазақстандық мектеп бітірушілерді оқуға шақырамыз. Сондай-ақ, оқу аяқталған соң оларды жұмысқа орналастыру мәселесін де шешіп беруге атсалысамыз», – деді ҚХР Инвестиция және даму комитетінің департамент басшысы Чинь Юйцай.
Айта кетейік, Қытай елінде қазірдің өзінде 15 мыңға тарта қазақстандық жас білімін жетілдіріп жүр. Екі ел арасындағы жобалар оң шешімін тапса, бұл көрсеткіш еселеп артуы мүмкін. Өйткені, қытайлық оқу орындар биыл тағы грант бөліп отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі