Freedom Finance Global: "Ірі бизнес ішкі туризмді дамытуға атсалыса бастайды"

Dalanews 16 жел. 2023 04:28 984

 Бүгінде халықтың туған жерді тануға, оның көркем табиғатын тамашалауға деген қызығушылығы жоғары. Оған коронавирус пандемиясының түрткі болғаны анық. Күллі әлем індеттен зәрезап болып, үйге қамалған кезде елдің ой санасы өзгеріп, саяхаттауға сұраныс артқаны белгілі.

Бұл жағдай өз кезегінде Freedom Finance Global жүргізген кешенді зерттеудің негізгі нысанына айналды. Қазақстанның ішкі және сыртқы туризм саласы, сондай-ақ туристік қызметті бағалау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді. Оған қатысқан белсенді пайдаланушылар берген жауапқа сүйене отырып, мынадай нақты тұжырым жасауға болады.

Алдымен, ішкі туризм салыстырмалы түрде алғанда әзірге сұранысқа ие емес. Оған Қазақстан нарығында бәсекелестіктің болмауы себеп. Салдарынан туристік орталықтарға жету – қиямет-қайым.

  Сарапшылардың пікірінше, туризм нарығындағы негізгі ойыншылар – нарықтағы ұсыныстардың басым бөлігін қалыптастыратын орта және шағын бизнес өкілдері. 


«Олар туризм проблемаларын шешуге үлес қосуы тиіс. Себебі еліміздің туристік әлеуеті жоғары. Саланы дамыту схемаларын пысықтауға және оларды іске асыруға мүмкіндік береді»,–деп атап өтті Freedom Finance Global сарапшысы Аңсар Абуев.



Сондай-ақ, зерттеу аясында Қазақстан Республикасының жасы 18-ден асқан негізінен қалалық жердің (87%) 716 тұрғынына онлайн сауалнама жүргізілді. Оған қатысқандардың жартысына жуығы (46,1%) 1–2 күнге қысқа мерзімді демалыс шеңберінде өзінің тұратын аймағы немесе жақын маңдағы өңірлерге баруды жөн санайтындарын айтқан. Бұл ретте ішкі туристердің үштен бірі (30,4%) Қазақстан аумағында үш күн көлемінде демалу мақсатында сапарға шығады.

Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі (23,5%) жарты жылда бір рет сапарға шығады екен. Шамамен әрбір алтыншы респондент Қазақстан аумағына екі-үш айда бір рет (17,5%) саяхат жасайды, тағы 13,7%-ы айына бір рет саяхат жасайды.

Табысы ең жоғары топ, ең белсенді ішкі туристер қатарында (10% аптасына бір рет демалыс күндері, 5% – аптасына бір рет, 30% – шамамен айына бір рет саяхаттайды). Бұл - қазақстандықтардың ішкі туризмді дамыту үшін қаржы бөле алмайтынын аңғартатын көрсеткіш. Сауалнамаға қатысқандардың төрттен үші (73,7%) бір адамға шаққанда 300 мың теңгеге дейінгі соманы Қазақстан аумағына бару үшін жеткілікті бюджет деп есептейді, оның 40,1%-ы 100 мың теңгеге дейінгі соманы бір адамға сапар шегуге жеткілікті деп санайды.

Көбінесе ел аумағында саяхаттайтын қазақстандықтар Алматы мен Алматы облысына (53,2%), сондай-ақ Астана мен Ақмола облысына (44,6%) баруды жөн көреді. Оңтүстік өңірде ішкі туристер үшін танымал бағыт үшінші мегаполис - Шымкент және Түркістан (30,2%).


Сауалнама қорытындысына сәйкес Қазақстан аумағындағы ең танымал туристік орын - Щучинск-Бурабай курорттық аймағы. Мәселен, сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы осы жермен таныс (54,1%), ол жерге респонденттердің кемінде үштен бірі (33%) барған, ал сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші қатысушы (25,1%) тағы да барғысы келеді. Қазақстандықтар арасында екінші танымал бағыт – Қапшағай су қоймасы. Бұл жерге сауалнамаға қатысушылардың 12,6%-ы тағы да баруға ниет білдірді.



Қазақстандықтардың пікірінше, ішкі туризмнің ең өзекті 3 проблемасы бар.

Олар: жолдардың (43,4%), сервис және қызмет көрсету сапасының төмендігі (41,3%), сондай-ақ туристік орталықтарға күтім көрсетпеу және туристік маршруттар бойынша тұрмыстық қолайлы жағдайдың болмауы (31%). Жас топтары бөлінісі бойынша қарастырар болсақ, жастарды сервис пен қызмет көрсету сапасының төмендігі емес алыс қашықтық, жақын маңдағы өңірлерде туристік дамудың нашар болуы толғандырады (26,7%-ға қарсы 27,6%). Өз кезегінде 55 жастан асқан респонденттерді туристік мәдениеттің төмен деңгейі (27,1%-ға қарағанда 35,4%) алаңдатады.

Осы деректерді қорыта келе, Freedom Finance Global сарапшылары инфрақұрылымды дамыту бизнестің капитал сыйымдылығын арттырып, нарыққа ішкі және сыртқы қатысушыларды көп тарта алады.

Бұл ретте туризммен айналысатын компания санының көбеюі басқа да байланысты проблемаларды шешу үшiн катализатор бола алады деп санайды. Несиелеу бағдарламаларының есебінен саяхатшыларға барынша ыңғайлы жағдай жасау туризм нарығына ақша ағынын ұлғайтады, ал бәсекелестіктің дамуы осы саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіруге де септігін тигізеді. Әрі саладағы кадр тапшылығы проблемасын ішінара шешуі мүмкін. Инвестициялық тартымдылықтың артуы туристер үшін тартымды орталыққа айналатын ірі бизнестің есігін ашуға да мүмкіндік береді деп үміттенеді.



Зерттеуге қатысқан сарапшылар Қазақстандағы туризм нарығының мынадай негізгі белгілерін атап өтті:

  1. Ұйымдасқан көшпелі туризм ішкі туризмге қарағанда танымал (баға мен сапаның қарапайым арақатынасына байланысты: туризмнің екі түрінің де шамамен құны бірдей, алайда шетелдегі сервис деңгейі мен демалыс жағдайлары едәуір жоғары және жақсы).

  2. Қазақстанның ішкі туризмінің даму деңгейі – орташадан төмен. Сарапшылардың көбі Қазақстанда туризм даму кезеңінде деген пікірде, яғни бастапқы деңгейде.

  3. Маусымдық ішкі туризм шектеулі. Көшпелі туризмнің географиялық көрінісі кең. Түркия, БАӘ, Грузия, Тайланд жоғары сұранысқа ие.

  4. Ішкі туризмнің басты мәселесі – Қазақстан нарығында бәсекелестіктің болмауы. Сарапшылардың айтуынша, танымал туристік орталықтарда бәсекелестік жоқ, олардың танымал болуы келушілер жағымсыз пікір жазса да, туристердің тұрақты ағынын тоқтатпайды. Мұндай жағдай клиент санының азаюына ықпал етпейді, салдарынан көрсетілетін қызмет сапасын жақсартпастан, бағаны көтеруге мүмкіндік береді.

  5. Қазір жарнама жасаудың негізгі құралы – әлеуметтік желілер және басқа да цифрлық ақпарат көздері (ең алдымен Instagram сұранысқа ие, 2GIS-ке сенім деңгейі жоғары). Туристік орындарды блогерлер арқылы насихаттау жұмыстары жүргізілуде.

  6. Туристік орындарға апаратын жолдың нашарлығы – Қазақстанда туризмді дамытуға оңтайлы жағдай жасалмай отырғанының көрінісі. Бұған ел ішінде әуе билеттерінің қымбат болуы, темір жол көлігінің сұранысқа ие демалыс маусымдарында жетіспей жатуы, танымал туристік маршруттарда сапалы автокөліктің болмауы, трассаларда жанармай құю орындарының жеткіліксіз болуы, танымал бағыттарда сапалы жол жабынының болмауы және т.б. жатады.

  7. Туристік орындарға қайта барғысы келетіндер саны аз: көпшілік орындарды бір рет көру ғана жеткілікті. Өйткені демалыс орындарының көпшілігінде ойын-сауық бағдарламаларын дамыту, жаңа маршруттарды пысықтау, қайтадан келуге жеңілдіктер беру және т.б. туристердің қызығушылығын тудыратын жағдай жоқ.


Туризм нарығындағы негізгі ойыншылар – орта және шағын бизнес өкілдері. Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда олар нарықтағы ұсыныстардың басым бөлігін қалыптастыруда.



Мемлекет нарыққа айтарлықтай ықпал етеді. Алайда сарапшылардың бір бөлігі ішкі туризмге баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Бұл ретте соңғы екі жылда ішкі туризмді және туристік салада жұмыс істейтін компанияларды субсидиялау жүзеге асырылғанын айта кету керек.

Туристік бизнеске қатысушылар субсидия мен гранттарға жүгінуге бейім. Алайда, жеңілдікпен несие алу мерзімі туристік бизнес үшін жеткіліксіз. Ол шамамен 10 жыл болуы тиіс деп атап көрсетеді.

Сарапшылардың басым көпшілігі ішкі туризм нарығында баға өседі деген болжам жасады. Тіпті нарықта бәсекелестік күшейсе де ол бағаның өсуін тоқтата алмайды деп есептейді зерттеуге қатысушылар.

Бизнес пен мемлекеттің инфрақұрылымды дамытуы мен өзара іс-қимылы мәселесін белсенді пысықтау Қазақстандағы туристік саланың барлық дерлік проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін дәйекті процесті іске қосуға тиіс. ​

Егер Қазақстанда бастапқыда туристік әлеует нашар болса, ағымдағы проблемаларды шешу күрделі болар еді. Бірақ елдегі туристік іс-шаралардың тартымды болуы саланы дамыту схемаларын пысықтауға мүмкіндік береді. Нарықты тану үшін дәл осындай ауқымды жұмыс жүзеге асырылатын болса, онда біз кірістің өсуін, ал онымен саланың барлық байланысты аспектілерінің дамуын көре аламыз. ​Постпандемиялық кезеңде қазақстандықтар ой-өрісін кеңейтіп, нәтижесінде біз халықтың саяхатқа қызығушылығының артқанын көрдік. Бұл - бизнесті дамыту үшін тамаша мүмкіндік!

Алуа Марат 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар