Доллар қайта қымбаттап шыға келді

Кәмшат Тілеухан 11 жел. 2024 16:18 331

Қазақстан қор биржасында (KASE) 11 желтоқсанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды. Оның қорытындысы бойынша ұлттық валютаға шаққанда 1 АҚШ долларының орташа бағамы бірден 8,43 теңгеге қымбаттап, 516,93 теңгені құрады, деп жазады Dalanews.kz.

Күні кеше KASE-де доллар құны әлі төмендеп жатқанын сүйіншілеп жазып едік. 10 желтоқсанда 1 АҚШ долларының таңертеңгі ресми бағамы 510,08 теңге болса, ал кешкі сессияда ол 1,50 теңгеге тағы арзандап, 508,05 теңге деңгейінде қалыптасқан болатын.

Дегенмен ақша айырбас орындарында жаңа купюраға байланысты мәселе туындағанын да жазған едік

"Бірнеше күн болды, доллар сатып ала алмай жүрмін. Ақша айырбас орындарында доллар жоқ емес, бар, бірақ көбісі ескі 100 долларлықтарды ұсынады. Ал мен ұшып бара жатқан елде ескіні қабылдамайды немесе арзанға алады, бұл өзі ғаламдық құбылыс…", деп жазды экономист Олжас Байділдинов 10 желтоқсанда Telegram-дағы арнасында.

Сөйткен ол бұл мәселе шешіміне құзырлы органдардың назарын аудартады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар