Маңғыстауда Buzachi Operating Ltd 470 млн теңгеден аса айыппұл арқалады

Маңғыстауда Buzachi Operating Ltd 470 млн теңгеден аса айыппұл арқалады
Depositphotos.com/DeminPan

Маңғыстауда бұрғылау жұмыстары кезінде экологиялық заңбұзушылықтар анықталды, осылайша компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өңірдің табиғат қорғау прокуратурасы экологиялық заңнама бұзылғанын анықтаған.

Buzachi Operating Ltd компаниясының филиалы бұрғылау жұмыстарын жүргізу барысында қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай арттырған (бұрғылау қалдықтарының көлемі 513,2 тоннаға артық болған).

Прокуратура актісі негізінде компания Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 328-бабы 6-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 474 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады.