Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне Әділ Құсманов тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар Президент өкімімен Сырымбет Қаскеев аталған агенттік төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.