Руслан Желдібай Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ол бұған дейін Мемлекет басшысының көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарған. 2026 жылдың қаңтар айында Руслан Желдібай бұл лауазымнан босатылып, оның орнына Айбек Смадияров тағайындалған еді.
Руслан Желдібай әр жылдары Президент кеңесшісі, баспасөз хатшысы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары сияқты жауапты қызметтерде жұмыс істеді.
Айта кетейік, Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Кейін «Болашақ» бағдарламасы арқылы Ұлыбританиядағы Уорик университетінде білім алып, магистр дәрежесін алған.