Қазақстан банктерінің табысы қатарынан төртінші ай төмендеді. Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында екінші деңгейлі банктердің жалпы таза пайдасы 795,8 млрд теңге болған. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12 пайызға аз, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сарапшылар мұны банктерге қойылатын талаптардың күшеюімен байланыстырып отыр. Кейінгі уақытта несие беру тәртібі қатаңдап, азаматтардың төлем қабілетіне бақылау күшейген.
Ұлттық банк енді қарыз алатын адамның табысы мен несиесінің көлеміне нақты шектеу енгізбек. Яғни, адамның табысына сай келмейтін көлемде несие рәсімдеу қиындай түсуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, бұл шешім халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алуға бағытталған.