«Көптеген қаржылық заң бұзушылық анықталды, монополистер шығындарын қасақана көтеріп, 29 миллиард теңгеге (80 млн доллар) күмәнді мәміле жасаған», – деді бас прокурор.
Оның сөзінше, «антимонополиялық мекеменің үнсіз келісімімен қызметкерлерге сыйақы, бонус, сонымен бірге несиелерге үстемақы қосылған».
Бас прокуратураның болжамы бойынша, шығынды қолдан көбейту үшін, арнайы жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорын құрылып, құрал-жабдықтар сатып алынды деп бағаны көтерген. Заңсыз түскен табыстар жеке компаниялар арқылы жеке қалтаға түсіп отырған.
Қожамжаровтың мәлімдеуінше, монополистер бақылаудың әлсіздігінен, халықтың есебінен байып келген.
«Мәселе екі министрлік – энергетика және ұлттық экономика арасындағы көмескіліктен. Тарифті бөлек-бөлек қояды екен, екі мекеменің арасында келісім жоқ», – деп түсіндірді бас прокурор.