Пашинян премьер-министрлікке сайлана алмады
Оны парламенттегі "Елк" фракциясы ұсынған. Парламенттегі үш фракция сайлауға қатысудан бас тартты. Нәтижесінде Пашинянның кандидатурасын ешкім қолдамады. Бір депутат қарсы дауыс берсе, тағы 11 депутат қалыс қалған. Парламентте премьер-министрді сайлауға қатысты дауыс берудің екінші кезеңі 1 қарашада өтеді.
16 қазанда Пашинян премьер-министр қызметінен өз еркімен кеткен. Ол бұл қадамын елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу мақсатында жасалды деп түсіндірген.
Егер алдағы бір аптада жаңа премьер-министр сайланбаса (Пашинян мен оның командасы осыны көздейді - ред.) ел парламенті заңға сәйкес таратылады. Мұндай жағдайда желтоқсанның басына қарай Арменияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді.