Байқайсыздар ма, кешелі бері Путин, Шойгу, Лавров, Бордюжа жан-жаққа телефон соғып бұл соғысты тоқтатуға әрекеттенуде. Əрине, Мəскеу үшін бұл соғыс қазір мүлдем қажеті жоқ. Мұнайдың бағасы төмендеп, Украина мен Сириядағы қарулы қақтығыстың қызуы басылмай тұрғанда енді Əзірбайжан мен Арменияның арасындағы дүрдараздықтың қосылуы орыстарды қатты састырғаны анық.
Қазіргі таңда Əзірбайжан арадағы байланыстың салқындатудың қажеті жоқ. Әзірбайжан – Еуропа мен Ресейге қосымша газ беруші мемлекет. Ал Украина мен Орталық Азия елдері үшін Əзірбайжан – альтернативтік көлік-логистика жолы. Əзірбайжан Каспий жағалауындағы елдер үшін нағыз «бөтелкенің пробкасы» болып тұр.
Ойлаңызшы, Ресейдің қай аймақтары Əзірбайжанмен шеқтеседі? Шешенстан мен Дағыстан. Бүгінде Қапқаз елдеріне Ресейдің дотация ретінде беретін ақшасы тауысылуға жақын. Сондықтан ресми Мəскеу Бакумен мәселені ушықтырмай шешуге мүдделі. Егер жағдай ұшықса тұтас Қапқаздағы жағдайға кері әсер ететіні сөзсіз.
Күні кеше бұл мәселе бойынша И.Əлиев пен Т.Ердоған бұл мәселе Вашингтонда Обамамен жолықты Ал В.Путин саммитке қатысқан жоқ.
Түркия президенті Ресей ұшағын атып түсіргеннен кейін бір айдың ішінде айналасындағы көршілерін түгел аралып, қауіптің алдын алғаны есімізде. Ердоған Баку, Ашхабад, Киев, Ташкент, Алматыға келіп, мәселені терең талқылап, соңынан батыл мəлімдемелер жасағанына білеміз.
Осы жайттардың бəрін еске алып, мынадай қорытынға келіп отырмын. Бұл қақтығыс кездейсоқ емес, арнайы жоспарланған. Қапқаз үлкен саяси өзгерестердің алдында тұр. Бұл өзгерістер Ресейдің оң жамбасына келмеуі мүмкін.
Мұхтар ТАЙЖАН
(мақала сарапшының Фейсбуктағы парақшасынан алынды)