Қоғам туралы айтқанда, алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл – әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі. Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп – бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам – адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді.Ал,бақуатты қоғам дегеніміз- келешегі зор, мықты қоғам.
Қазіргі заман адамына өз денсаулығына оңды қарауына этикалық басшы – таза құлықты, иманды болушылық. Табиғат сыйлаған - өз денсаулығына құндылық деп қарау керек: үнемі өз қолында ұстау, сақтау, нығайту, тазарту, жоғалтпау. Өз денсаулығына зиянды әрекет жасау, тәуекелге бел буған өмір сүру – сенімнен айырылу, қолда бар байлығынан айырылу деген сөз. Өз кінәңнан ауру болсаң ол сенің имансыздығың, құлықсыздығың.
Адамның дамуымен қатар келе жатқан қолайсыз жағдай: қоршаған ортаның ластануы, организмнің іштей ластануы, тұлғаның жан-дүниесінің ластануы.Бұлардан біз аулақ болайық!
Біз қоғамға тек рухани көмек емес, сонымен қатар айналамызды нұрландыруымыз қажет.Дені сау , келешегі зор халық тәбиелеу үшін,өзімізді тәрбиелеу керек.
Біз қазір ХХІ ғасырда, яғни ғасырлар тоғысында өмір сүріп жатырмыз, ата-бабаларымыздың ерлігін мақтан тұтып, жарқын болашағымыздан үміт күткен жас ұландармыз. Білімді ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан қазіргі қазақ жастары терең білім алып, мәдениетті адам болуға ұмтылуы тиіс. «Шындасаң шыңға шығарсың» демекші, бұл біздің адал еңбегіміздің арқасында жүзеге асары анық. Әрбір адам қол қусырып қарап отырмай,қоғамымыздың өркендеуіне өз септігін тигізуі қажет. Бұлай ойлау текті елдің текті ұрпағының ғана қолынан келсе керек. Біз, келешек ұрпақ қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр жастар болатынымызға сенемін. Адамзат баласы титтей болса да пайдалы нәрсе жасайтын болса өзіне де, қоғамға да жақсы болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақ жастардың қолында» деген болатын. Біз Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенттері де еліміздің алдыңғы дамыған отыз елдің қатарына қосылуы үшін жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауымыз қажет.
Арай Жеккева, Шығыстану факультетінің 4 курс студенті
Нұртәліп Шарыпқазы, Шығыстану факультетінің оқытушысы
Ардақ Қалиолла, Шығыстану факультетінің оқытушысы