Айдос Есполовтың ұсталғаны расталды

Сағыныш Сардарова 27 қар. 2025 17:22

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовтың ұсталғаны расталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz мәліметінше, бұл ақпаратты ҰҚК растаған.

Айта кетейік, бұған дейін егжей-тегжейін жазған едік. Ашық дереккөз мәліметінше, Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаеваның ағасы. Ол "Еуразиялық технологиялық университеті" мен Alatau Asset Management Company компаниясының құрылтайшыларының бірі ретінде танылған.

Еске салайық, 2025 жылы сәуірдің соңында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи "Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне қатысты мәселе көтерген еді.

Ол кезде компанияның бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Омаров берген мәліметтер жарияланып, Айдос Есполов кеңесші қызметін атқарған кезінде пара алғаны айтылған. Алайда ол істің ресми фигуранттары қатарында "анықталмаған тұлға" ретінде ғана көрсетілген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар