Қарағандыда полиция бөлімшесінен ес-түссіз күйде табылған тәртіп сақшысы куәгер мәртебесін алды

Қаракөз Амантай 27 қар. 2025 18:31

Қарағандыдағы полиция тірек пунктінен ес-түссіз күйде табылған бұрынғы майор қызметкері “қорғау құқығы бар куәгер” мәртебесін алды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуынша, қазір кешенді сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Ал қыздың өліміне нақты себептер әлі жарияланбаған.

“Қазіргі уақытта оның мәртебесі – қорғауды қажет ететін куәгер. Тергеу ісі бойынша қажетті дәлелдер жинақталып жатыр. Болашақта мәртебесін өзгерту мәселесі туындаса, бұл прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады”, – деді Әділов.

Еске салайық, Михайлов ауданының бұрынғы инспекторы жұмыс орнында ес-түссіз күйде табылған еді. Ал қасында 24 жастағы қыздың мәйіті болған. Дәрігерлер полицейді құтқарып қалды. Ол ауруханада бір айға жуық емделіп, кейін теріс себептер бойынша қызметінен босатылды.

Ал бұған дейін бөлімнің бірнеше басшысы лауазымдарынан айырылған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар