Жамбыл облысында есектерді ұрлау ісі бойынша пара алған полицей ұсталды

Көркем Алдабергенова 27 қар. 2025 17:13

Жамбыл облысында ҰҚКД қызметкерлері Байзақ аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, майор Жасұлан Елубайды ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оған мал ұрлығы жөніндегі қылмыстық істі тоқтатып беремін деп 700 мың теңге алған деген күдік келтіріліп отыр.

HALYQSTAN Telegram-арнасы таратқан дерекке қарағанда, сөз Талас ауданының тұрғынына қатысты есектерді ұрлау ісі туралы болып отыр. Жәбірленуші жануарлардың Байзақ ауданында ұрланғанын мәлімдеген.

Алғашында қылмыстық істі тоқтату үшін 1,5 млн теңге сұралғаны, бірақ кейін тараптар 700 мың теңгеге келіскені хабарланды. Полицейді ақшаны алу кезінде ұстап, қолға түсірген.

Еске салайық, биыл ақпанда Жамбыл облысында Байзақ аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары да ұсталған еді. Оған 10,7 млн теңгені ұрлау дерегін әдейі жасырып қалды деген айып тағылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар