Дастан Сәтпаев УЕФА Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылардың үздік үштігіне енді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Данияда өткен "Копенгагенге" қарсы 5-тур ойынында (2:3) "Қайрат" ойыншысы Еуропаның басты клуб жарысында алғашқы голын соқты.
Гол соққан сәтте Дастанның жасы 17 жас 110 күн еді. Ол Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде гол соққан алғашқы қазақстандық ойыншы атанды.
Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншылар:
- Ансу Фати ("Барселона") – 17 жас 40 күн
- Ламин Ямаль ("Барселона") – 17 жас 68 күн
- Дастан Сәтпаев ("Қайрат") – 17 жас 110 күн
